Липофильді - гидрофильді (дифильді) негіздер Құрамы жасанды түрде құралған липофильді және гидрофильді қасиеттерге
ие композициялар. Бұл негіздерге суда және майда еритін заттарды, дәрілік
заттардың сулы ерітінділерін енгізуге болады.
Липофильді-гидрофильді
негіздер
көмірсутектермен
салыстырғанда
жағармайдағы дәрілік заттардың жоғары резорбциясын қамтамасыз етеді. Тері
қабатындағы газ және жылу алмасуына кері әсер етпейді. Жақсы консистентті
қасиеттерге ие. Липофильді-гидрофильді негіздер адсорбциялық және
эмульсиялық болып бөлінеді. Бұл екі топтың негізгі міндетті компоненті -
эмульгатор (ББЗ) кіреді.
а) Жағар майлардың адсорбциялық негізі - липофильді негіздің
эмульгатормен (ББЗ) сусыз композициясы, ол сулы фазаны байланыстырып С/М
типті, эмульсиялық жүйені құрайды. Адсорбциялық жағармай негізінің құрамына
көбінесе вазелин, вазелин майы, церезин және т.б. көмірсутектердің
эмульгатормен қоспасы кіреді. Адсорбциялық негіздің құрамына кіретін ББЗ
жағармайдың терапевтік белсенділігін жоғарылатады. Адсорбциялық негіздер
эмульсиялық жағармайды және судың қатысында гидролизге ұшырайтын дәрілік
заттардан жағармай дайындау үшін қолданылады.
Адсорбциялық негіздер:
1) Дәріханада көз жағармайларын дайындау үшін фармакопеямен ұсынылған негіз қолданылады. Құрамы: Көз жағар майына арналған вазелин
90 бөлік
Сусыз ланолин
10 бөлік
2) Антибиотиктермен жағармай дайындауға арналған негіз құрамы:
вазелин
60 бөлік
сусыз ланолин
40 бөлік
3
) ХНИХФИ зерттелінген адсорбциялық негіздің құрамы:
жүнді балауыз спирті
6 бөлік
вазелин
10 бөлік
церезин
24 бөлік
вазелин майы
60 бөлік
Климаттық жағдайлары әр түрлі өлкелерде, консистенциясы алуан негіз алу
мақсатында церезин және вазелин майының концентрациясы өзгеруі мүмкін.
б) Эмульсиялық негіз - көп компонентті жағармай негізі. Оның
адсорбциялық негізден айырмашылығы, құрамында су бар. Олар 2 типті болуы
мүмкін: май/су, су/май. Бұл - дәрілік заттарды сулы және майлы фазаға енгізуге
мүмкіндік береді. Негіз жағар майға енетін дәрілік заттардың теріге резорбциясын
жоғарылатады.
Эмульсиялық жағармай негізгі жағар майлардың құрамына кіретін дәрілік
заттардың терімен резорбциясы жоғары болғандықтан үлкен маңызға ие. Бұл
оның құрамындағы эмульгатор (ББЗ) бар болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар
эмульсияланған сулы фаза теріге сүрткен жағдайда тері және май бездерімен тез
сіңірілуін қамтамасыз етеді. М/С типті эмульсиялық негіз теріге қалың қабатпен
жаққан жағдайда мацерацияға және терінің қызуына алып келеді, бұл тері
қабатында қанның толуы нәтижесінде дәрілік заттың сіңірілуін қамтамасыз етеді.
302
Эмульсиялық негіздегі жағармай төмен тұтқырлығымен және жоғары
адгезиондығымен, тері және шырышты қабықтарға жеңіл жағылатын
қасиеттерімен сипатталады. Эмульсиялық жағар майларының негізгі прототипі
ретінде сулы ланолинді атауға болады.