Эмульгатор ретінде ионогенді немесе бейионогенді ББЗ қолданылады.
Су/май типті эмульсиялық жүйелерге поливалентті сабындар: эмульгатор N
1 және 2 - өсімдік майларынан алынған майлы қышқылдардың мырыш және
кальций сабындары, олар іс-тәжірибеде кеңінен қолданылмайды.
Кеңінен қолданылатын эмульгаторларға бейионогенді: жоғары молекулалы
алифаттық спирттер және олардың туындылары, көпатомды спирттердің
эфирлері, майлы қанттар жатады.
Жоғары молекулалы алифаттық спирттер.
Оларды алу көзі - кашалот
майы.
Перспективті
эмульгатор
липофильді-гидрофильді
негіздер
үшін,
эмульсияларды, суспензияларды, линименттерді тұрақтандыру үшін натрий
лаурилсульфаты - күкірт қышқылының додецил эфирінің натрий тұзы [CH
3
(CH
2
)
10
CH
2
OSO] Na қолданылады.
Ақ немесе сарғыш түсті ұнтақ, суда әлсіз опалесценті ерітінді түзе ериді.
Натрий лаурилсульфаты, анионактивті БАЗ, жоғары эмульгирлеуші әсері, жаңа
гидрофобты-гидрофильді негіздерді зерттеген кезде және гетерогенді жүйелерді
тұрақтандырғанда қолданылады.
П.С. Угрюмов және В.И. Федоров ұсынған, эмульгатор N 1 - 70-73%
кашалот майының жоғары молекулалы спирті мен 27-30% сол спирттердің
сульфоэфирлерінің натрий тұзының қоспасы.
Қоңыр-сары түсті, ұстағанда майлы, өзіне тән иісі бар, балқу температурасы
50-58
0
С болатын қатты масса. Суда іс жүзінде ерімейді, эфирде ериді,
хлороформда жеңіл ериді. Эмульгатор N 1 майлармен жақсы араласады, жоғары
эмульсиялаушы қасиетке (1 бөлік эмульгатор 9 бөлік суды эмульсиялайды) ие.
Линимент және жағармай негіздеріне 10-20% мөлшерде қосылады.
Жоғары молекулалы циклдік спирттер және олардың туындылары.
Оларды алу көзі ланолин.
1) Жүн балауызының спирттері - көмірсутек атомдары саны 27-30 болатын
алифаттық спирттер қоспасы.
Сары-қоңыр түсті, суықта сынатын және қыздырған кезде жұмсаратын, әлсіз
өзіне тән иісі бар, балқу температурасы 58-60
0
С, қатты масса.
Жүн
балауызы спирттерінің ланолиннен айырмашылығы теріге
тітіркендіргіш және аллергиялық әсерлер көрсетпейді.
2) Полиоксиэтиленген ланолин - этилен тотығының ланолин эфирлерімен
қосылған өнімі. Суда және сұйытылған этанолда ериді. Суда еритін ланолин
өндірісте «Водлан-45», «Водлан-60», «Водлан-92,5» атауымен шығарылады және
косметикалық құралдар өндірісінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |