368
Тамбурда, фармацевт-технолог стерильді халат, қалпақ, аяқ киім
сыртына бахил, маска киеді. Қолын сабынмен щеткамен, дезинфекциялық
ерітіндімен (70
0
С спирттегі хлоргексидин ерітіндісімен, хлорамин Б
ертіндісімен) жуып, стерильді орамалмен (сүлгімен) кептіреді.
Стерильді
санитарлық киіммен асептикалық блокттан сыртқа шығуға тыйым салынады.
Асептикалық бөлмеде дәрілерді дайындау жүргізіледі, аппараттық бөлмеде
жылу және бу бөлетін аппараттар орналасады (автоклав, дистиляциялық
аппараттар, кептіргіш шкаф және т.б.).
Асептикалық және аппараттық бөлмелер ауа ластануын болдырмайтын,
шлюз рөлін атқаратын тамбурмен байланысады. Асептикалық бөлмені
аппараттық бөлмеден, бөліп тұратын қабырғада дайын дәрілерді және
қосымша материалдарды
тасымалдауға арналған, қажетті ультра-күлгін
ағынымен жабдықталған терезе-шлюз болуы керек.
Асептикалық жағдайда дәрілік түрлерді дайындауға арналған үй-
жайлардың қабырғалары майлы бояумен сырлануы немесе ашық түсті
кафельді плиткалармен қапталуы қажет, олар дөңестерсіз, жарықшақсыз
болуы керек. Төбесі желімді, немесе эмульсиялық бояулармен сырланады.
Едендерінде линолеум немесе релин төселіп, қиыстырылған жерлері міндетті
түрде дәнекерленген болуы тиіс. Есіктері мен терезелері тығыз жабылатын,
саңылаусыз және мұқият тазалауға, дезинфекциялауға ыңғайлы болуы керек.
Асептикалық
блок
сүзгілер
орнатылған
сорып-тартып
шығару
вентиляциясымен жабдықталып, ондағы ауаның кіруі, сорылып шығарылудан
артық болуға тиіс. Бөлмелердегі ауаны зарасыздандыру үшін, үй-жайдың әр
1м
3
көлеміне 2-2,5 Вт қуаттан бөлінетіндей есеппен, экрандалмаған
бактерицидтік лампалар орнатылып, оларды қызметкерлер болмайтын жұмыс
аралындағы үзіліс кезінде, түнде немесе арнайы
бөлінген уақытта - жұмыс
басталғанға дейін бір-екі сағатқа қосып қояды. Асептикалық блокқа кіретін
тұсқа ашық лампалы қосқыштар: «Кіруге болмайды, бактерицидтік сәуле
тартқыш қосулы», немесе «Бактерицидтік шамдар жанып тұр» қосылуы
керек. Бұл бөлмелерге бактерицидтік лампалар сөндірілген соң ғана, кіруге
рұқсат етіледі.
Қызметкерлер болатын уақытта экрандалған
бактерицидтік шамдар
пайдалануы мүмкін. Оларда үй-жайдың әр 1 м
3
1 Вт келетіндей есеппен
еденнен 1,8-2,0 метр жоғары орнатылған, үй-жайдағы адамдар олардың
сәулесіне тікелей шалдықпайтындай, нақтырақ айтқанда, көлбеу жазық бетіне
5
0
С-80
0
С аралығында бұрыш жасап шашырайтындай етіп орналастырады.
Асептикалық блокқа кіргізілетін жабдықтар мен жиһаздар алдын-ала
өңдеуден өткізіледі. Қабырғаларды сүртуге арналған тазалағыш материал
ретінде поролон губкаларды немесе айналасы капрон жіппен әдіптелген
салфеткаларды қолдану ұсынылады. Еденді тазалау үшін
айналасы қатты
маталармен тігілген, дезинфекциялайтын ерітіндімен жібітілген шүберек
қолданылады (ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 232
бұйрығы). Асептикалық блокта жуып-тазалауға арналған барлық құралдарға
(шелек, щетка, еден жуғыш) «Асептикалық блок» деген айқын белгі соғылады
және арнайы бөлмеде немесе шкафта сақталады.
369
Асептикалық блокта тыңғылықты жинап-сүртуді сатылап жүргізу қажет.
Алдымен есік пен қабырғаларды, төбеден еденге қарай жуып сүртеді. Одан
кейін стационарлық жабдықтарды жуып дезинфекциялайды, олардың
астыңғы
бөлігін тазалап, ең соңында еден жуылады. Үй-жайды
дезинфекциялағаннан кейін бактерицидтік шамдарды екі сағат қосып қояды.
Асептикалық блокқа кіре берісте, өлшемі 40х40 см болатын, ауысымда
бір рет дезинфекциялайтын ерітіндімен шыланып отыратын кеуекті
резеңкеден жасалған кілемшелер төселеді. Асептикалық блокта жұмыс
істейтін қызметшілер санитарлық талаптар мен асептикалық жағдайларда
жұмыс істеу ережелерін білуі керек. Асептикалық
блокта жұмыс істемейтін
қызметшілердің онда кіруіне мүлде тыйым салынады. Стерильдеуге ынғайлы
болу үшін, стол таразылары тот баспайтын болаттан жасалған, ал қол
таразылардың - металдық майда тізбекшеге (шынжырға) ілінген фарфор
табақшалары бар болуы керек. Штангластар жақсы тығындалынатын және
стерильденген болуы керек.
Барлық құралдар, аспаптар,
воронкалар, шпательдер, сүзгіштер,
фильтрлер қолданылу алдында стерильденеді және оларды бикстерде
сақтайды (3 тәуліктен көп емес). Дәрі босататын ыдыстарды бикстерде
сақтайды (24 сағаттан көп емес).
Стерильді дәрілік түрлерді дайындау үшін дәріханаларда асептикалық
блоктан басқа, сонымен қатар столдық бокстер қолданылады. Олар 2 типті
болады. Бірінші типті стол боксы - беті шыны футлярмен жабылған
екітумбалық столдан тұрады. Футлярдың
оң жағында жылжымалы есігі
болады. Екінші типті столдық бокс футлярдың оң жағының төменгі бөлігінде
қолға арналған қуысы болады.
Достарыңызбен бөлісу: