Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет345/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
 
 
5.4 Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер 
Көптеген дәрілік құралдардың ішінде антибиотиктер бактериялық 
инфекцияны емдеу үшін қолданылатын негізгі құрал болып табылады.
Антибиотиктер микроорганизмдерден немесе табиғи шикізаттардан, 
сонымен бірге олардың синтетикалық аналогтарынан немесе туындыларынан 
алынатын, ауру адамның ағзасындағы қоздырғышты басатын немесе 
тоқтататын қабілеті бар төменмолекулалы химиотерапевтикалық заттар. 
«Антибиотик» терминін 1942 жылы америка ғалымы Ваксман ұсынған.


437 
Антибиотиктер 
микроорганизмдермен 
түзілген 
және 
олардың
микробтыққа қарсы әсері бар (антибиотик сөзі грек тілінен аударғанда анти – 
қарсы және биос – өмір дегенді білдіреді).
Антибиотиктерді қолдану бойынша зерттеулердің басы, атап айтқанда 
пенициллинді (алғаш рет пенициллинді 1928 жылы ағылшын микробиологі 
А. Флеминго ашқан) қолдану, 1942 жылы З.В. Ермольевамен жүргізілген. 
Қазіргі кезде 3000 астам антибиотиктер бөлініп алынған және 
сипатталған, олардың көбінің химиялық құрылымы белгіленген. 70 астамы 
практикада қолданылады, дәріхананың экстемпоралды рецептурасында 
пенициллин, тетрациклин, гризеофульвин, эритромицин, канамицин және 
тағы басқалар қолданылады. 
Инфекциялық 
ауруларды 
антибиотиктермен 
емдеу 
олардың, 
макроорганизмнің жасушаларына токсикалық әсер етпей, патогенді 
микроорганизмдердің көбеюін таңдап жою қабілетіне негізделген. 
Антибиотиктер, басқа дәрілік заттардан айырмашылығы, физика-
химиялық қасиеттерінің ерекшіліктерінде: сақтау мерзімі қысқа, қышқыл 
әсеріне сезімтал (әсіресе пенициллин), жартылай ыдырау периоды қысқа
көптеген қосымша заттармен әрекеттеседі, суда қиын ериді (кейбір 
антибиотиктердің сулы ерітінділері толық тұрақты емес), термолабильді 
(оларды термиялық стерильдеуге болмайды). 
Көрсетілген қасиеттер құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің 
технологиясына елеулі әсер етеді. Сондықтан антибиотиктердің физика-
химиялық және фармакологиялық қасиеттерін және олар өзінің белсенділігін 
сақтайтын жағдайларды білу керек. 
Қазіргі медициналық іс-тәжірибеде қолданылатын антибиотиктердің 
арсеналы кең. Олардың көбісі өндірісте лиофилизацияланған ұнтақ түрінде 
металл қалпақпен жабылған флакондарда шығарылады. Осы ұнтақтар 
дәріханада дәрілік түр дайындау үшін қолданылады. Антибиотиктер 
рецептіде ерітінділер (көзге және мұрынға арналған), жағар майлар, 
суппозиторийлер және басқа дәрілік түрлер ретінде жазылуы мүмкін. 
Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер технологиясы, сол 
дәрілік түрлер басқа дәрілік заттармен дайындалатын технологиялық тәсіл 
бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік 
түрлерді дайындау кезінде төмендегі жағдайларды ескеру керек:
-
антибиотиктер ферменттердің әсерінен (мысалы, пенициллиндер 
пенициллиназаның әсерінен), өзінің белсенділігін жоғалтады. Сондықтан 
құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер асептикалық жағдайда 
дайындалады; 
-
негізінен антибиотиктер суда ериді. Олардың сулы ерітінділері жеткілікті 
тұрақты емес. Сондықтан дәрілік препараттардың құрамына суспензия 
түрінде енгізу дұрыс; 
-
көптеген антибиотиктер қышқылдар және сілтілер әсерінен гидролизге 
ұшырайды, 
сондықтан 
антибиотиктердің 
дәрілік 
препараттағы 
тұрақтылығы ортаның рН мәніне байланысты болады. Антибиотиктердің 


438 
инактивациясы сонымен қатар этанолдың, глицериннің, ауыр металлдар 
тұздарының қатысында да жүреді; 
-
антибиотиктер көптеген дәрілік және көмекші заттармен әрекеттеседі
сондықтан күрделі жазылымдарда компонентерінің сыйымдылығын аса 
мұқият тексеруді қажет етеді; 
-
көптеген 
антибиотиктер 
термолабильді, 
сондықтан 
термиялық 
стерильдеуге төзімсіз; 
-
құрамында антибиотиктері бар дәрілік препараттар, антибиотиктердің 
қасиетіне және олардың тазарту дәрежесінің төмендігіне байланысты, 
сақтаған кезде тұрақсыз. 
Антибиотиктер рецептілерде көбінесе әсер ету бірлігімен (ӘБ) беріледі. 
Антибиотик ұнтағының салмағын анықтау үшін, антибиотик белсенділігі мен 
оның салмағының арасындағы, әсер ету бірлігімен белгіленетін, байланысқа 
негізделген есептеу бойынша жүргізіледі (кесте 25). 
Антибиотиктерді 
таңдау 
дерттің 
барысының 
клиникалық 
ерекшеліктеріне және оның ауырлығына байланысты жүреді. 
Кез келген дәрілік препаратты, әсіресе егер компоненті антибиотик 
болса, дәрілік түрді ғылыми негізделген әдіспен дайындаудың үлкен 
маңызы бар.
Дайындау әдісі дәрінің химиялық құрамының, физикалық күйінің 
және фармакологиялық әсерінің өзгермеуін дайындау процесі кезінде, 
сонымен қатар сақтау және қолдану кездерінде қамтамасыз ету керек.
Кесте 25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет