434
сұйықтықпен мұқият ысқылап, майда ұнтақ (суспензия) түрінде негізге
енгізеді.
Көз жағар майларын тығыз жабылатын стерильді шыны немесе фарфор
банкілерде босатады. Жағар май қолдану кезінде ластанбауы үшін, оны
стерильді қалақшамен бірге босатқан орынды.
Көз жағар майларының
бұралатын қақпағы бар тубаларда босатқан ыңғайлы.
Асептикалық жағдайда сақталып және стерильді тубаларға салынған көз
жағар майлары, микробтық контаминацияға (1 г 100 микроб клеткалары)
ұшырамайды. Бірақ үнемі қолданғанда көз жағар майы микробтармен
ластануы мүмкін. Сондықтан жағар майларға көз тамшылары сияқты
консервантар қолдану орынды. Бұл мақсатта бензалконий хлориді 1:1000,
нипагин және нипазолдың қоспасы нипагин 0,12%, нипазол 0,02%, сорбин
қышқылы (0,1 - 0,2%) және басқа медицинада қолдануға рұқсат етілген
консервантар ұсынылған.
Көз жағар майының рецептурасы әр түрлі. Негізінен бұл екі фазалы және
одан
көп
күрделі
дисперсті
жүйе.
Құрамында
антибиотиктер,
сульфаниламидтер бар, сынап тотығымен көз жағар майлары жиі кездеседі.
Қолдану мақсаты әр түрлі (дезинфекциялау, ауырусыздандыру, көз
қарашығын ұлғайту және кішірейту, көз іші қысымын төмендету) болады.
Rp.: Zіncі sulfаtіs 0,05
Vaselіnі 18,0
Lanolіnі anhydrіcі 2,0
Mіsce fіat unquentum
Da Sіgna.
Көз жағар майы
Есептеу:
m
ж
=
0,05+18,0+2,0
= 20,05
Рецептіде көз жағар майы берілген мырыш
сульфаты суда жеңіл ериді,
негіз дифильді. Жағар май эмульсиялы.
БП
Zіncі sulfatіs 0,05
Lanolіnі anhydrіcі 2,0
Vaselіnі 18,0
m
ж
= 20,5
Достарыңызбен бөлісу: