Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет338/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
Технологиясы
: Асептикалық жағдайда қосымша ыдысқа 10 мл 
инъекцияға арналған суда өлшеп, су моншасында қыздырады. Ыстық суда 
0,4 г бор қышқылын, 0,05 г мырыш сульфатын ерітеді. Ерітіндіні 
салқындатып, алдын-ала жуылған фильтр қағазы және мақта тампоны 
арқылы сүзеді, содан соң фильтрді қалған 10 мл сумен шаяды. Ерітіндіні 
10 мл екі құтыға бөліп құяды. Резина тығынмен жауып, механикалық 
қоспадан тазалығын тексереді. Қажет болған жағдайда қайта сүзеді. 
Флаконды алюминий қақпақшасымен жауып, айналдыра тығындағыш 
қондырғымен бекітеді. Флаконға бирка ілінеді, содан соң 120ӘС 8 минут 
бу стерилизаторында стерилдейді. Стерилдеуден кейін, ерітіндіні 
салқындатып, механикалық қоспадан тазалығы, түстілігі, флаконның 
тығындау сапалығы тексеріліп, босатуға безендіріледі. 
Негізгі этикетка қызғылт түсті көзге арналған дәрілік түрлер үшін, 
ескерту этикеткалары – «Салқын жерде сақта», «Балалардан сақта». 
Қазіргі кезде электронды таразылардың көмегімен жазылымда 
берілген аз мөлшердегі дәрілік заттарды 0,001 г дәлдікке дейін өлшеуге 
болады. 


430 
Осы жазылымды дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін 
қолданып дайындауға да болады. 
 
Есептеу: 
Мырыш сульфаты ерітіндісі 1 % (1: 100)
0,025 х100 = 2,5 мл 
Бор қышқылы ерітіндісі 4 % (1:25)
0,2 х25 = 5 мл 
Инъекцияға арналған су
10 - (2,5+5) = 2,5 мл 
БП
Aquaе pro іnjectіonіbus 2,5 ml 
Solutіonіs Zіncі sulfatіs 1 % 2,5 ml 
Solutіonіs Acіdі borіcі 4 % 5 ml 
V
ж
= 10 ml 
 
Технологиясы:
Стерильді флаконға асептикалық жағдайда 2,5 мл 
инъекция арналған суды, 2,5 мл 1% мырыш сульфаты ерітіндісін, 5 мл 4% бор 
қышқылы ерітіндісін қосып, тығындап босатуға безендіреді. 
Концентрлі 
ерітінділермен 
дайындалған 
көз 
тамшыларын 
стерильдемеуге де болады, себебі концентрлі ерітінділер асептикалық 
жағдайда дайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет