Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің комфорттығын қамтамасыз ету. Көптеген көз тамшылары инстилляциялау
кезінде қолайсыз сезім, әдебиеттерде көрсетілгендей, дискомфортты
құбылыстар, көзге арналған ерітінділердің осмостық қысымы және pH
мәнінің көз жасы сұйығының мәндеріне сәйкес келмегенімен түсіндіріледі.
Көз жасы сұйықтығының осмостық қысымы нормада, қан плазмасының және
(0,9 %) натрий хлориді ерітіндісің осмостық қысымына сәйкес. Сондықтан
көзге арналған ерітінділердің де осмостық қысымы сондай болуы тиіс. Бірақ,
егер көз тамшыларының осмостық қысымы натрий хлориді ерітіндісінің
концентрациясы 0,7 % тен 1,1 % дейінгі концентрациясының осмостық
қысымына сәйкес келетін болса, онда олардың қолайсыз сезім
тудырмайтындығы іс жүзінде дәлелденген, көз тамшылары шамамен
изотонды.
Офтальмологтар рецептіде изотонды, гипо- және гипертонды көз
тамшыларын белгілеуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда дәрігерлер гипертонды көз тамшыларын рецептіде
жазады, себебі олар жылдам, әсіресе микробқа қарсы әсер көрсетеді. Жиі
дәрігерлер дәрілік заттардың ерітінділерінің осмостық қысымын ескермейді.
Сондықтан фармацевтер гипертонды көз тамшыларының науқастарға,
әсіресе, балалар тәжірибесінде қолайсыз жағдай тудыратына көңілін аударуы
керек.
Рецептіде гипотонды көз тамшылары жазылса, бұл жағдайда фармацевт
өз бетінше, дәрілік заттардың натрий хлориді бойынша эквивалентін
қолданып, көз тамшыларын изотондауы керек. Кейбір жағдайларда дәрілік
заттар натрий хлоридімен сыйымсыз болса, онда изотондаушы компонент
ретінде натрий сульфатын немесе нитратын қолданады.
Көз тамшыларының комфорттылығына ерітіндінің pH мәні де үлкен әсер
көрсетеді. Көз жасы сұйықтығының pH мәні - 7,4. Көз тамшыларының pH
мәні 4,5 - нан 9,0 дейін болатын ерітінділер комфортты. pH мәні 9,0 жоғары,
4,5-тен төмен ерітінділер көзге тамызған кезде өте қатты көз жасын ағызады,
күйдіргіш сезім, ауырсыну туғызады.
427
Көз тамшыларының pH мәнін реттеу үшін буферлі еріткіштер
қолданады. Бұл жағдайда көз тамшыларының терапевтік әсері және дәрілік
заттардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге көңіл аудару керек.