Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Парентералды қоректендіруге арналған препараттар



Pdf көрінісі
бет331/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Парентералды қоректендіруге арналған препараттар. 
Бір қатар 
патологиялық жағдайларда (өңештің өткізбеушілігі, ішектен сіңірілудің 
бұзылуы, ауыр интоксикациялар және т.б.), асқазанға және ішекке ота 
жасаған кездерде, ағзаның ақуыздық қоректенуін қамтамасыз ететін 
препараттарды парентеральды енгізу қажет болады. Осы мақсаттарда 
ақуыздық гидролизаттар қолданылады. Оларды енгізу ағзадағы азоттық тепе-
теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жиірек гидролизин, гидролизат, 
казеин, аминопептид, аминокровин, протеин қолданылады. Ақуыздық 
гидролиз заттары тері астына, бұлшық етке, қан тамырына және сүйекке 
қажет болған жағдайда күніне 2 л дейін енгізіледі. 
Гидролизин ерітіндісі. 
Өнімді мүйізді мал қанының ақ уызын 
қышқылды гидролиздеу жолымен глюкоза қоса отырып алады. Мөлдір, 
қоңыр түсті арнайы иісі бар сұйықтық. Құрамында аминоқышқылдар тобы 
бар 450 мл флакондар. Сақталуы 4 
0
С тан 20 
0
С. 
Казеин гидролизаты.
Сүт - казеин ақ уызын қышқылды гидролиздеу 
жолымен алынатын өнім. 
Аминопептид.
Ірі қара мал қанының ақуыздарын ферметтік гидролиздеу 
арқылы алынатын препарат. 
Аминокровин.
Адам қанының ақуыздарын глюкоза қосу арқылы 
қышқылды гидролиздеу жолымен алынады. 
Фибриносол. 
Ірі қара мал және шошқа қанының фибринін жартылай 
гидролиздеу жолымен алынады.


423 
Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар. 
Механикалық 
және термиялық жарақаттар салдарынан қан жоғалғанда, есенгіреу дамуынан 
ағзада барлық мүшелер мен жүйелердің функциясының өзгергендігі 
байқалады. Соның ішінде, гипоксия және ағзаның интоксикациясы ерекше 
орын алады. Қазіргі заманғы трансфузиологияның маңызды міндеттерінің 
бірі – оттегіні тасымалдау, қан жоғалғанда және шокта қан тамырлар 
арнасындағы эритроциттер мөлшерінің орнын толтыратын қабілеті бар, қан 
алмастырғыштарды жасау. Бұл міндетті шешу бойынша зерттеулер екі 
бағытта жүргізіліп жатыр: гемоглабин және перфторланған қосылыстар 
негізінде қан алмастырғыштар жасау. Бұл саланың белгілі бір табыстарына 
қарамастан, көрсетілген қан алмастырғыштардың ағзаға зиянсыздығы және 
оттегі тасымалдау қабілетін жоғарылату бойынша әрі қарай зерттеулерді 
қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет