Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Натрий гидрокарбонатының ерітіндісі



Pdf көрінісі
бет327/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Натрий гидрокарбонатының ерітіндісі 
 
Rp.: Sol. Natrіі hydrocarbonatіs 3 %, 5 %, 7 % - 1000 ml 
Sterіlіsetur! 
D.S.
Шаншу үшін 
Натрий гидрокарбонатының 3%, 5%, 7% концентрациядағы шаншуға 
арналған ерітінділері медициналық іс-тәжірибеде кеңінен қолданылады. 
Оларды дайындау кезіндегі қиыншылықтардың бірі мөлдір ерітінділер алу 
болып табылады. Ерітінділердің лайлануы, опалесценция, тіпті тұнбаның 
пайда болуы, әдеттегідей жылумен стерильденгеннен соң жүреді. Мұның 
себебі - ерітінділерді қыздырған кезде натрий гидрокарбонатының гидролиз 
өнімдері мен препарат және ерітінділерді құятын флакондар шыныларының 
құрамындағы ерімейтін қоспалар арасындағы күрделі әрекеттесулер болып 
табылады.
1.
Сондықтан натрий гидрокарбонатының ерітіндісін дайындау үшін, ГОСТ 
4201 - 79 бойынша реактив ретінде шығарылатын «химиялық таза» және 
«талдау үшін таза» квалификациялы натрий гидрокарбонатын қолдану 
қажет. «Шаншу үшін жарамды» квалификациялы натрий гидрокарбонаты 
құрамында кальций, магний қоспалары болғандықтан қолдануға болмайды, 
трилон Б тұрақтандырғышын қосуды талап етеді.


419 
2.
Натрий гидрокарбонатының потенциалды тұрақсыздығына байланысты оны 
ерітуді мүмкіндігінше төмен температурада (15-20
0
С), қатты шайқамай 
ерітіп және процесті жабық құтыда жүргізген жөн. 
3.
Натрий гидрокарбонатының ерітіндісін фильтрлегеннен соң бейтарап 
шынылы флакондарға құйып, резина тығындармен герметикалы тығындап, 
сыртын металл қалпақшалармен бекітеді. Сонан соң ерітіндіні қаныққан 
бумен 120 
0
С 8-15 минут стерильденетін сұйықтықтың көлеміне байланысты 
стерильдейді. 
4.
Стерильдеу кезінде көмір қышқылының бөлінуіне байланысты флакондар 
жарылмауы үшін, оларды ерітіндімен 80% көлемде толтыру керек. 
Стерильдеу кезінде төмендегідей реакция жүреді:
2 NaHCO
3
Na
2
CO
3
+ H
2
O + CO
2
5.
Стерилизациялық камерада қысым нөлге жеткенде, стерилизаторды 20-30 
минут демалдыру қажет. 
6.
Ерітіндіні толық салқындаған соң, яғни 2 сағаттан соң, ерітінді үстіндегі 
көмір қышқылын еріту үшін бірнеше рет құтыны араластырып қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет