Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет325/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Плазма 
алмастырғыш 
ерітінділер 
(физиологиялық, 
қан 
алмастырушы, есенгіреуге қарсы) шаншуға арналған ерітінділер. 
Физиологиялық және қан алмастырушы, шокқа қарсы ерітінділер шаншуға 
арналған ерітінділердің ішіндегі ең күрделі тобына жатады. Еріген заттардың 
құрамы бойынша клеткалар мен мүшелердің өмір сүру қабілетін бір қалыпта 
ұстап, ағзадағы физиологиялық тепе-теңдікті өзгертпейтін ерітінділерді 
физиологиялық ерітінділер деп айтады. Қасиеті бойынша адам қанының 
плазмасына максималды жақын ерітінділер қан алмастырушы ерітінділер 
(сұйықтықтар) немесе қан алмастырғыштар деп аталады. Физиологиялық 
ерітінділер және қан алмастырғыштар изотонды, ерітіндінің осмостық қысымы 
ағза сұйықтықтарының осмостық қысымына тең болады; изоионды, яғни қан 
сарысуына сәйкес мөлшерде немесе қатынаста калий хлориді, натрий хлориді, 
кальций хлориді және магний хлориді тұздарының болуы. Кальций ионы 


417 
жалпы дем беруші, калий ионы кезеген нервке және сонымен бірге жүрек 
бұлшық еттеріне қоздырғыш әсер көрсетіп, жүрек жұмысын тежейді. Магний 
ионы қуыстық отауларда аса қажет болатын, ішек перстальтикасын шақырады. 
Плазма алмастырғыш ерітінділер құрамына натрий, калий, кальций, магний 
иондарының комплексі, қан плазмасына сәйкес қатынаста кіреді
изогидрлі, 
яғни ерітіндінің рН мәні қан плазмасының рН мәніне тең (қан рН = 7,36) және 
бір қалыпта болуы керек. Қанда бұл тұрақтылық табиғи буферлер - карбонатты 
және фосфатты, ақ уызды жүйелер арқылы бірқалыпта ұсталып тұрады. Қан 
плазмасының табиғи жүйелері сутекті және гидроксильді иондарды тығыз 
ұстап тұрады, сондықтан ортаның рН - мәнін өзгерту оңай емес. Сонымен 
қатар бұл ерітінділердің белгілі иондық күші болуы керек, ол ерітіндегі 
заттардың қасиеттеріне (қышқыл немесе сілті) байланысты. Ерітінділердің 
иондық күші дәрілік заттардың қаннан ұлпаға сіңірілуіне әсер етеді. 
Ерітінділердің тұтқырлығы дәрілік заттардың ағзадан босап шығу 
жылдамдығына әсер етеді. Ағзаға енгізілетін ерітінділердің тұтқырлығы қан 
тұтқырлығына сәйкес келуі керек. Кәдімгі қан алмастырғыштардың кемшілігі: 
олардың әсері қысқа және шамамен 2 сағаттан кейін ерітінді ағзадан шығады. 
Нәтижесінде қандағы сұйықтық күрт төмен түсіп, артериялық қысым 
төмендейді.
Ерітінділердің тұтқырлығын арттыру мақсатында адам қанын, гетерогенді 
ақуыз, өсімдік шикізатынан алынған жоғары молекулалы қосылыстар
синтетикалық жоғары молекулалы полимерлер қосылады. 
Бұл талаптарға тұзды - сулы және сілтілі - қышқылды ерітінділер жауап 
береді, сондықтан олар көп мөлшерде (тәулігіне 1,5 - 2 л) енгізіледі. 
Осыған байланысты физиологиялық ерітінділерді, қан алмастырғыштарды 
дайындаған кезде, олардың құрамына ұқсас реттегіштер қосылады. Бұл 
ерітінділерге барлық басқа шаншуға арналған ерітінділерге қойылатын 
талаптар: стерильділік, тұрақтылық, апирогендік, механикалық қоспадан 
тазалығы қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет