Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет321/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
 
Изотонды ерітінділер. Физиологиялық және қан алмастырғыш 
ерітінділер 
Изотонды ерітінділер. 
Шаншуға арналған ерітінділердің ішінде изотонды 
ерітінділер ерекше топ құрайды, яғни бұл ерітінділердің осмостық қысымы ағза 
сұйықтықтарының: қан плазмасы, жас сұйықтығы, лимфа және т.б. осмостық 
қысымына тең болады. Изотонды деген атау грек тілінен isos – тең, tonus – 
қысым дегенді білдіреді. Бұл сұйықтықтардың осмостық қысымы бір қалыпта, 
7,4 атм (72,82х10

Па) деңгейде болады. Осмостық қысымы төмен ерітінділер 
гипотонды, ал жоғары - гипертонды деп аталады. Осмостық қысымы жоғары 
(гипертонды) ерітіндіні қанға енгізген кезде, эритроциттер ішіндегі және оларды 
қоршаған плазманың осмостық қысымдардың айырмашылығы нәтижесінде, 
эритроциттерде осмостық қысымдарды теңестіруге әкелетін су қозғалысы 
басталады. Эритроциттер суынан айырылып жиырылады, бұл құбылыс-
плазмолиз деп аталады.
Гипертонды ерітінділер медициналық практикада ісінуді қайтару үшін 
қолданылады. Натрий хлоридінің 3, 5, 10% концентрациядағы ерітінділері іріңді 
жараларды емдеуде іріңді сыртқа шығару үшін қолданылады. Сонымен қатар 
гипертонды ерітінділер микробқарсы әсер де көрсетеді. 
Егер гипотоникалық ерітінді енгізілсе, сұйықтық жасуша ішіне кіреді де, 
эритроцит ісініп, клетка қабырғасы жарылып, клетка - өлуі немесе жойылуы 
мүмкін, бұл құбылыс - гемолиз деп аталады. Осы айтылған осмостық 
ауытқуларды болдырмау үшін, шаншуға арналған ерітінділердің осмостық 
қысымын ағзаның биологиялық сұйықтығының осмостық қысымына жеткізу 
мақсатында изотондау қажеттігі туады. Бұл ерітінділерді – изотонды (грек сөзі 
іsotonos – (напряжение) қысым) ерітінділер деп атайды. 
Ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын әртүрлі 
тәсілдермен есептеуге болады: Вант-Гофф заңын қолдану арқылы, 
криоскопиялық әдіспен (Рауль заңы), дәрілік заттардың натрий хлориді 
бойынша эквивалентерін қолдану арқылы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   317   318   319   320   321   322   323   324   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет