Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің
стерильділігін қамтамасыз ету.
Көз тамшыларының және басуға арналған
ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық
жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты,
пилокарпин гидрохлориді, мырыш сульфаты ерітінділерін) стерильдейді.
Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин,
салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компоненті жазылымдар)
асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады. Микроорганизмдерді
және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты
фильтрлер
көмегімен
(стерильді
фильтрлеу)
стерильдейді.
Көз
тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің қолдану кезінде
стерилділігін сақтау үшін, олардың құрамына дәрігердің рұқсатымен
консерванттар: мертиолат (0,005%), этанолмеркурий хлориді (0,06%),
цетилпиридин хлориді (0,01%), хлорэтон (0,5%), нипагин (0,1%),
левомицетин (0,15%), бензил спирті (0,9%) қосылады.
Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандыру.
Жылумен стерильдеу
кезінде гидролиз, сабындану, дәрілік заттардың тотығуы реакцияларының
жылдамдығы артады. Сондықтан көптеген көз тамшыларын тұрақтандырады.
Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет
ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті
қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген
тұздар, жеңіл тотығатын заттар.
Құрамында бірінші топтың дәрілік заттары бар көз тамшылары мен көзге
басуға арналған ерітінділерін тұрақтандыру үшін, хлорсутек қышқылын
қолдану тиімсіз, себебі ол көздің кілегей қабығын тітіркендіреді. Хлорсутек
қышқылының орнына дәрігердің көрсетуі бойынша 1,9-2% әлсіз бор
қышқылы қолданылады. Бұл тұрақтандырғыш шыныдан бөлінетін сілтіні
нейтралдайды және гидролиз, тотығу, күрделі эфир байланыстарының
сабындану реакцияларын болдырмайды. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан
түзілген тұздар: физостигмин салицилаты, дикаин, новокаин, мезатон,
совкаин және мырыш тұздарын бор қышқылының 1,9-2% изотондық
ерітіндісімен тұрақтандырады.
Атропин
сульфатының,
эфедрин
гидрохлоридінің,
скополамин
гидробромидінің ерітінділерін буферлі ерітінділерді (pH 6,5) қосып
тұрақтандырады, ал дәріхана жағдайында натрий хлоридінің изотонды
ерітіндісінде дайындайды.
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың сулы ерітінділері
0,1 н. натрий гидрооксиді ерітіндісімен тұрақтандырылады.
426
Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың (сульфацил-натрий, аскорбин
қышқылы, адреналин гидрохлориді) ерітінділерін тұрақтандыру үшін натрий
сульфиті, натрий метабисульфиті, трилон Б және басқалар қолданылады.
Сульфацил-натрий 30% ерітіндісінің құрамы МФ Х басылымда
келтірілген.
Құрамы: Сульфацил натрий
300 г
Натрий метабисульфит
5,0 г
Күйдіргіш натрий ерітіндісі pH
7,7 - 8,0
1 г
Инъекция арналған су
1 л дейін
Сақталу мерзімі 18 ай. Бұл құрам бойынша өндіріс жағдайында, ал
дәріханада сульфацил-натрий ерітіндісі асептикалық жағдайда, стерильдеусіз,
тұрақтандырғыш қоспай дайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |