Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет354/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Дәрілерді жіберу жолдарына қарай дозаларды 
 бағдарлы анықтау есебі: 
ішекке ………………1 көк тамырға………………….1/4 
тікішекке ……………1 ½ бұлшықет арасына ………..⅓-1/4 
тері астына ………….⅓-½
кеңірдекке ………………….1/4 
 
 Дәрілік заттардың организмде өзгеруі. 
Қан жүйесіне енген дәрілік 
заттардың қандай құбылыстарға ұшырауы кәзіргі уақытта жеткіліксіз 
зерттелген. Дегенмен, диффузия және адсорбцияға қабілеттілігі бар 
каллоидтық құрылыс жоқ қоспалар қан жүйесінен тез жоқ болып, органдарға 
сіңіп, олардың ішінде жыйнақталады (деполанады) деп есептейді. Мысал 
ретінде мышьякты, хлоридты, бромидтерді т.б. көрсетуге болады. 
Каллоид қасиетті заттар қан жүйесінде бірнеше сағат болуы мүмкін. 
Олардың көпшілігі ұлпаларға сіңіп, тұрақсыз органикалық қоспаларға 
айналады, сонан соң біртіндеп қайтадан қанға сіңеді. Мұндай құбылыстарға 
айналдыратын негізгі орган бауыр болып табылады; бауырда немесе басқа 
органдарда органикалық қоспалар тотығу, қалпына келу, дезаминделу, 
деметилдену, күрделі қос қоспаларға айналу т.б. процестерге ұшырайды. 
Кейбір, әсіресе бейорганикалық заттар өзгерместен сол күйінде қалуы 
мүмкін. Дәрілік заттар әсерінің ұзақтығы организмде олардың химиялық 
құбылыстарға айналу жылдамдығына байланысты; бұл процестер неғұрлым 
тез болса, соғұрлым әсері де ұзағырақ болады. 
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары
. Дәрі организмнен 
негізінен бүйректер арқылы шығады. Олар ауруға ұшырағанда заттар қан 
жүйесінде ұзақ болып, ұзақ уақыт әсер етеді, ал қайталап қолданғанда олар 
мол, уытты концентрацияға дейін қорланып жыйналады. 
Дәріні организмнен шығаратын маңызы жағынан одан кем емес жол 
асқазан болып саналады; мұнымен қатар, кілегей қабықтар мен сілекей 


455 
бездері сияқты секреция аппараты арқылы шығуды да ескеру керек. Бұл 
жолмен енгізу тәсіліне байланыссыз кейбір алколоидтар (морфин, атропин, 
хинин), ауыр металл тұздары (мышьяк, сурьма), жұпар иісті қосылыстардың 
туындылары, эфир майлары, бояулар, сантонин шығады. 
Тыныс жолары арқылы: ұшқыш наркотиктер, эфир майлары, көмір 
тотығы, күкіртті сутек т.б. шығады. Шығу жылдамдығы заттардың 
физикалық – химиялық қасиеттеріне, дем алу көлеміне, өкпенің қанмен 
жабдықталу дәрежесіне т.б. байланысты. 
Тері бездері мен майлы бездер арқылы ауыр металл тұздары, галоидтар, 
күкіртті сутегі, мышьяк, фекол, салицил қышқылы сияқты заттар шығады; 
олардың кейбіреулері теріде жиналып қалады. 
Заттардың әсері мен химиялық құрылысының өзара байланысы. Заттың 
химиялық құрылысын білу арқасында оның фармакологиялық сипатын алдын 
ала болжауға мүмкін екендігі туралы бірқатар мысалдар бар. Сондықтан 
заттардың химиялық құрылысын өзгерту арқылы белгілі бағытқа сай 
қанағаттандырарлықтай препарат алуға болады. Алайда, бұл ережемен 
қыйыспайтын жағдайлар да кездеседі, өйткені химиялық құрылысының 
өзгеруіне қарай физикалық-химиялық қасиеттері де өзгереді; сөйтіп бұл 
өзгерістер сіңу, ажырап бұзылу, организмде жаңа заттар пайда болу, тағы сол 
сияқты құбылыстарға ықпал тигізеді. 
Рецептурада қабылданған салмақ және өлшеуіштер дәріханалық 
практикада салмақ мөлшері ретінде - грамм, ал көлем мөлшері ретінде - 
миллилитр қабылданған. Осы уақытқа дейін сұйық заттардың салмағы ғана 
көрсетіліп келген еді, мұны ескеру керек, мемлекеттік фармокопеяның 
сегізінші басылымына сәйкес, дәріханалар кейбір заттарды көлем 
өлшеуіштері арқылы жазып береді және жұмсайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет