459
Da. Signa. 1 ас қасықпен күніне 3—4 рет жылқы
жеміне қосу
Ерітінділер
(нағыз және коллоидты) жалпы ережелер бойынша
дайындалады. Әдетте ерітінділерді дайындау үшін, дәрілік заттар кәдімгі
судағы тұздармен сыйымсыз болмаса, ағын немесе құдық суы қолданылады.
Суспензиялар және эмульсиялар
. Ветеринарлық суспензиялар
құрамына күшті әсер ететін заттар, өсімдік ұнтақтары кіруі мүмкін. Дәнді
эмульсиялар жиі көкнәр, зығыр, кенепшөп дәндерінен дайындалады. Майлы
эмульсиялар эмульгатор ретінде желатозаны, шайырларды және жұмыртқа
сарысын қолданып дайындалады.
Rp.: Olei Ricini 400,0
Gelatosae 200,0
Aquae purificatae 200 ml
Misce, fiat emulsum
Da. Signa. Жылқыға 1 рет ішуге
Тұнбалар мен қайнатпаларды
МФ XI басылымы талаптарына сәйкес
дайындалады. Бірақ, егер бұл дәрілік түрлер ірі жануарлар үшін дайындау
керек болса, онда дәріхана дәрілік өсімдік материалының жазылған мөлшерін
босатады және оларды үй жағдайында дайындайды. Өсімдік материалын
жақсы жабылатын ыдысқа салып, жазылған қайнатылған су көлемімен құяды.
Ыдысты қағазбен орап, оның үстінен түкті немесе мақта көрпемен қымтап,
20-30 минутқа қалдырады. Содан соң суытып, оны мата немесе екі қабат дәке
арқылы сүзеді. Тұнбаларды жануарларға зонд, бутылкамен немесе тиісті
жемді бурку арқылы береді.
Достарыңызбен бөлісу: