Полиэтиленоксидтер
(Polyaethylenoxydum) – этиленоксид полимерлері.
Полиэтиленоксидтер (ПЭО) немесе полиэтиленгликольдер (ПЭГ) су және
калий гидроксиді қатысында этиленоксидті полимеризациялау жолымен
алынады. Полимеризация дәрежесіне байланысты бірнеше (ПЭО) түрлері
шығарылады. ПЭО 400 тұтқыр, түссіз, мөлдір сұйықтық, ПЭО 1500 –
балауыз, ПЭО 4000 – ақ түсті қатты зат. Суда, этанолда жақсы ериді.
Фармацевтикалық іс-тәжірибеде жағар майлар, эмульсиялар, суспензиялар,
суппозиторийлер және т.б. дәрілік түрлер технологиясында кеңінен
қолданылады.
Спендер
(Spans) – сорбитанның жоғары май қышқылдарымен эфирі.
Спендер липофильді қосылыстар. Майларда, этанолда ериді. Бейионогенді
болғандықтан, көптеген дәрілік заттармен сыйымсыз.
Твиндер
(Twіns) полиоксиэтилденген сорбитанның (спеннің) және
жоғары май қышқылдарының моноэфирлері. Твиндерді натрий гидроксиді
(катализатор) қатысында спендерді этиленоксидпен өңдеу арқылы алады.
Суда және органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Медициналық қолдануға
олеин қышқылының моноэфирі болып табылатын твин-80 рұқсат етілген.
Силикондар
(Sіlіconum) – кремний органикалық полимерлер. Түссіз,
мөлдір, тұтқыр, иіссіз, дәмсіз гигроскопиялық сұйықтықтар. Жоғары
химиялық инертті: тотықпайды, агрессивті орталар әсеріне ұшырамайды,
гидрофобтық қасиеттері бар, термиялық тұрақты, сумен, глицеринмен,
этанолмен араласпайды. Силикондар жағар майлар және линименттер
компоненттерімен сыйымды. Эсилондарда полярлы және жетіполярлы заттар
жақсы ериді (ментол, камфора, фенол және т.б.).
Силикондардың биологиялық инерттілігі оларды әр түрлі енгізу
жолдарында дәрілік препараттарды тасымалдаушы ретінде қолдану
перспективті болып табылады.
Қосымша заттарды
дәрілік түрлердің физика-химиялық сипаттамасына
және фармакокинетикасына тигізетін әсеріне байланысты келесі топтарға
бөлуге болады: форматүзушілер, тұрақтандырушылар (стабилизаторлар),
әсерін
ұзартушылар
(пролонгаторлар),
ерігіштігін
жақсартатын
(солюбилизаторлар), дәрінің дәмі мен иісін жақсартатын (корригенттер).
Достарыңызбен бөлісу: |