алатын сандық және сапалық ӛзгерістердің ӛзара
тығыз байланысты
процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін
және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді,
олардың арасында мақсатты
тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині
жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның
пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді.
Қалыптастыру
(қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен
тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларға тұқым
қуалаушылық, орта, тәрбие жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер
ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада
тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс
ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе,
жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие
дегеніміз - ӛсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылыктарды
игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы
бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: