Дәріс №2
Тақырыбы
:
Мектептегі педагогикалық үдеріс жүйе және біртұтас
құбылыс ретінде
Жоспары:
1 Педагогикалық үдеріс ұғымына түсінік,
біртұтас
педагогикалық
үдерістің компоненттері.
2.
Педагогикалық
үдеріс
тің кезеңдері, қозғаушы күштері.
3.
Педагогикалық үдерісті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас үдеріс
болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады.
Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында
оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру
бір-бірімен ұштастырыла
жүргізіледі.
Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру
үдерісін
тұтас педагогикалық
үдеріс
ке айналдыру немесе біртұтас оқу –
тәрбие
үдерісі
деп атау, оқу-тәрбие
үдеріс
ін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын
бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Демек,
білім
беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып
бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп ӛткізу бүгінгі таңда оқу – тәрбие
үдерісінің басты шарты болып табылады. Педагогика ғылымында бүгінгі таңда
ұсынып отырған біртұтас педагогикалық үдерістің компоненттері деп
мыналарды атауға болады: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары
мен
әдістері, сонымен қатар олардың шығатын нәтижелері. Бұл компоненттер
бір – бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады. Демек педагогикалық
үдеріс сонда ғана нәтижесін береді. Тәрбие мен оқыту үдерістерін
бірте-бірте
ӛзін-ӛзі тәрбиелеу және ӛз бетімен білім алу үдерісіне (ауысады) ұласады.
Сондықтан, тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму
процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: