нәтижесінде адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен тӛрт
бӛліктен:
- адамның сезімінен;
- санасынан;
- сенімінен;
- мінез-құлық, әдет-дағдыларынан құралатынын кӛрсетеді.
Мектеп
тәжірибесінде
тәрбие
әдісін
қолданғанда
тәрбиешілер
психологтардың жоғарыда келтірілген дәлелді тұжырымдарын,
атап айтқанда,
адам бойындағы кез келген қасиеттің құрамы негізінен тӛрт бӛліктен
құралатынын әрдайым ескеруі керек.
Сонымен, қазіргі кезде оқыту-тәрбие беру ісін қайта құрудағы белгіленген
даму идеясы баланың жеке адам болып қалыптасуында тәрбие әдісін
психологиялық негізде қолдану шешуші роль атқаратындығына баса назар
аудару қажет екенін кӛрсетіп отыр.
Кӛрсетілген пікірлерден тәрбие әдісінің
әр салалы мәнін анықтауға
болады:
- тәрбие әдісінің ең басты міндеті тәрбие процесін гуманитарландыру
тұрғыдан қаруландыру;
- тәрбие әдісі ең алдымен тәрбиенің мақсатын және мазмұнын жүзеге
асыратын құрал;
- тәрбие әдісі тәрбиенің мақсаты арқылы анықталады,
тәрбиенің мақсаты
қандай болса, оның міндеті және тәрбиенің мақсатын жүзеге асырудың әдістері
соған сай болады.
- тәрбие әдісінің тиімді болуы мұғалімнің сырттай тәрбиелік ықпал
жасауымен қатар баланың тәрбиелік қатынасқа іштей ӛзіндік ниетін, ықыласын,
ынтасын, сезімін туғызумен де байланысты.
Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары,
тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: