Тәрбие жұмысында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен
түрлі жағымсыз әрекеттер де болады. Мұндай педагогикалық ситуацияда
этикалық тақырыптарға әңгімелеу және лекция әдістерін пайдалану қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің кӛмегімен оқушылардың әр түрлі
іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың
адамгершілік тәжірибесі байиды; екінішіден, тәрбие әдістерінің кӛмегімен
оқушылардың дүниеге кӛзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық ӛмірге
қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен ӛзара байланысты, ӛзара тәуелді. Ешбір
әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды
әдептілікке тәрбиелеу үшін кӛбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер
ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке
адамның санасын қалыптастыру әдістерін (әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекция
т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гӛрі,
этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану ӛте
қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жӛнінде белгілі
түсініктер болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жӛн. Осы
әдістер бойынша адамгершілік нормасы туралы сӛз ету, оқушыларға ӛз бетімен
қорытынды шығаруға, дұрыс баға беруге, теріс кӛзқарастарды сынай білуге
кӛмектескен жӛн.
Барлық тәрбие әдістері бірін –бірі толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие
жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын
тереңдетеді; қоғамдық ӛмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін
байытады; жалпы мәдениетін, ой-ӛрісін кеңейтеді.
Достарыңызбен бөлісу: