Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
Оқушының іс-әрекеті 
1. Проблемалық ситуация 
туғызу. 
1. Кедергі мен қайшылық неде 
екенін аңғарып, оны зерттеп білу. 


2. Проблеманың мән-мазмұны 
туралы ойлауды ұйымдастырады. 
3. Тиісті қарама-қайшылыққа 
байланысты туындап отырған 
болжам жорамалды шешуді 
ұйымдастырады. 
4. Болжам жорамалды 
тексеріп кӛруді ұйымдастырады. 
5.Жүзеге асырылмақ нәтижеге 
байланысты тұжырымдама 
жасауды ұйымдастырады. 
2. Шешуге тиісті проблеманы 
айқындайды. 
3. Тиісті мәселеге байланысты 
ӛзінше болжам, жорамал жасап оны 
шешуге талпынады. 
4. Болжам жорамалға талдау 
жасап, қойылған міндетті шешуді 
тәжірибеде сынап байқайды. 
5. Қол жеткен нәтижені талдап, 
тиісті қорытынды жасап, алған 
білімін жүзеге асырады.
Проблемалық оқытудың пайдалы жағы оқушыны шығармашылыққа 
бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске құлшындырып, ойлау 
кабілетін дамытады. Оқушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып, 
ақыл санасын ӛрістетуге ықпал етеді. 
Проблемадан туған кедергіні жеңу жолындағы ізденісі мен талпынысы 
шәкірттің білім білігінің нәтижелі, таным-түсінігінің жоғары деңгейге кӛтеріле 
түсудегі мүмкіндігін арттырады. Оқушыны ой еңбегі саласында тиісті дәрежеге 
жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады. 
Әрине, проблемалық оқытуды білім берудін мінсіз түрі деуге келмейді. 
Мұндағы басты кемшілік оқытылуға тиісті материалдың сипатына байланысты 
оқытудың бұл түрін үнемі найдалана беруге келмейді. Ӛйткені оқушының 
әзірлік деңгейі және мұғалімнің кәсіби ізденісі үнемі сәйкес келе бермеуі де
ықтимал. Сонымен бірге проблемалық оқыту кӛп дайындықты, жан-жақты 
ізденісті талап ететін білімдендірудің күрделі түрі және оның әдістемелік 
моделі оқытылатын пәннің, тиісті тақырыптың ыңғайына қарай жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет