Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

 
Тақырыбы
: Қазіргі бастауыш оқыту әдістері, құралдары және 
формалары. 
Жоспары: 
1

Оқыту әдісі туралы түсінік
2. Оқыту әдістерін топтастыру (классификациясы
)
1. 
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. 
Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде 
оқыту әдісінің категориясын шығарады. 
Әдіс
-жоспарланған мақсат пен соңғы 
нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің ӛзегі болып табылады. 
Оның жүйедегі айқындаушы рӛлін «мақсат-мазмұн-форма-оқыту әдісінің 
құралдары» кӛрсетеді. 
Әдіс
(гректің metodos) деген сӛзінен алынған, табиғат құбылысын және 
әлеуметтік ӛмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып 
білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. 
Педагогтар оқыту әдісі туралы түсінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері 
оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-


әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту 
әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп кӛрсетеді. 
Педагогикалық энциклопедияда «
Оқыту әдістері -
мұғалім мен оқушылар 
жұмысының тәсілдері, солардың кӛмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны 
игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды»,-деп 
жазылған. 
Демек, 
оқыту әдістері
бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие 
жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған ӛзара байланысты іс-
әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру 
жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында 
мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. 
Сонымен оқыту әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына 
мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, ӛз бетінше 
ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. 
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, ӛйткені, оқытуда ең 
бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты 
бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын 
оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең 
анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны 
жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея 
нақты ӛмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар 
кӛзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. 
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал 
мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді 
ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен 
оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. 
«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір-бірімен тікелей 
байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды 
бӛлімдер) мысалы, жеке сӛздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б. 
«Әдіс» пен «тәсілдің» шекарасы ӛте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан 
олардың шекарасын анықтау ӛте қиын. Ӛйткені, әдіс кейде тәсілге, ал 
әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы: 
1.
Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап кӛрсетсе, 
онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады. 
2.
Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша 
нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге 
жатады. 
3.
лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме 
әдіс ретінде қолданылады. 
4.
Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы ӛз бетінше орындауға 
кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін 
қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады. 
Құрал 
дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сӛз. Мысалы, 
дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының 


кӛздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, кӛрнекі 
құралдар т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет