табылады. Сабақтың типі жӛнінде ғылыми тәжірибелік зерттеулер де,
жүйелеулер де жетерлік. Дидактикалық мақсаттағы әр түрлі ойларды сараптай
келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды:
1. Жаңа білім меңгеру сабағы.
2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы.
3. Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы.
4. Кайталау, пысықтау сабағы.
5. Тексеріп алған білім сапасын айқындау.
6. Аралас сабақ.
7. Жинақтап қорыту сабағы.
Сабақтың құрылымын, түрін жіктеп топтастыру шартты мәнде, ӛйткені
бұлардың мазмұны мен әдісі бір-біріне ұқсастығымен қатар, іштей араласып бір
арнада соғысып жатады. Сол себепті мектеп тәжірибесінде бір типті сабак
болмайды. Сабақтың қойылған дидактикалық мүддеге жетуі оның құрылысына,
оқылатын тақырыптың мақсатына, мазмұнына, оның әдіс-тәсіліне және
оқушының дайындық деңгейіне байланысты. Оның айқын мысал үшін
аралас
сабақтың құрылымдық жүйесіне назар аударып қараңыз, ол бірден байқалады.
Мұнда сабақты ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, ӛткен сабақты
пысықтау, жаңа сабақ, оны қайталау, үйге тапсырма беру. Оқытудағы дәстүрлі
бұл жол сабақтың тиімділігін арттыруда қазіргі ӛскелең талапты толық
қамтамасыз етуде әлсіздік кӛрсете бастады. Сондықтан оның құрылымын,
мәнін жетілдіру жӛнінде түрлі ізденулер етек алуда. Педагогика саласын
зерттеуші ғалымдар оны қалай топтастырса да сабақтың ең негізгі кӛрсеткіші
тұрғысынан мына салаларды айқындап, соған жауап беру керек деген тоқтамды
ұсынады, ол мыналар: дидактикалық,
әдістемелік, психологиялық және
гигиеналық. Сабаққа қойылатын талаптың түйінін шешетін бұл ұстанымдарын
таратып айтсақ былай болып шығады - дидактикада қамтылатын логикалық
бағдар:
а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;
ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;
б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру.
Әдістемелік бағдарда шешілетін міндет пен орындалатын жаттығу және
оқушының кайталайтын жауабы жобаланып, сабақта атқарылатын іс-әрекет
нақты жоспарлануы керек. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс, тәсілдері
керсетіліп,
қойылып
отырған міндетті шешудегі мұғалімнің басшылығымен
атқарылатын, оқушының орындайтын және ӛздігінен атқаратын жұмыстары
белгіленуге тиіс. Әдістемелік жобаның мән-мазмұндық құрылымынан қол
жетуге тиісті мақсаттың тиімділік принциптері талап етіледі. Сабақтың
психологиялық бағдарында қойылған мақсатқа орай психологиялық мотив
мәселесі барлық жағынан қарастырылып, оқушының жас ерекшелігі мен дара
ерекшелігімен
санаса отырып, білімді меңгерудің психологиялы сипаттағы
заңдылықтарына мән берілуі керек. Бұл ұстанымдағы сапалардың бірі
гигиеналық бағдар болса, мұның да ӛзіне тән қоятын талаптары бар. Ӛйткені
гигиена ғылымы сабақ ақыл-ой еңбегі болғандықтан оның ӛзіне тән талаптарын
ғылыми-танымдық тұрғыдағы жӛн-жосықты сақтауды міндеттейді.
Сабақ ӛткізу алдымен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру болып
табылады. Мұның құрылымдық түрі - сыныптағы оқушылардың барлық
құрамын және жеке тұлғаны жұпқа, топқа бӛлу арқылы әрекетке келтіру
негізінде жүргізіледі. Сараптай айтқанда сыныптағы
барлық оқушының іс-
әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады.
Сондай-ақ жеке тұлғаның әрқайсысы ӛз алдына дара да дербес түрде
әрекеттенеді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бӛлгенде 4-5 шәкірт бір топ
немесе екі-екіден бірлескен топ болып, берілген тапсырманы мұндай жағдайда
орындаудын натижелік кӛрсеткіші жоғарырақ болады. Ӛйткені топтастыруда
үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса олар бір-бірінен
жәрдем алады. Ӛзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар оқитын шәкірт
білімді тиісті деңгейде меңгерудің жол-жосығын құрбыларынан үйреніп, іс-
әрекетке ықыластана кіріседі. Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып,
белсенділігінің артуына ықпал етеді.
Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп
нәтижелі болуы мұғалімнің сабақка дайындала білуіне тәуелді. Ӛйткені ӛтілетін
сабақтың жүйесін айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде
оқушының білім, білік, дағды меңгеруі психологиялық,
жағынан шешуші
сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.
Саяхат сабағының мақсаты – ғылым саласындағы пәннен теориялық
білімді нақты тәжірибеге жалғастырып кӛрсету. Бұл оқушының түрлі деректер
мен құбылыстар жӛніндегі таным түсінік арнасын кеңейтуге мүмкіндік туғызу.
Факультативтік
сабақтар
–
оқушылардың
сұранысы
бойынша
ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрінің негізгі мақсаты – оқушылардың
талап-тілегін ескере отырып, олардың ғылыми-теориялық білімін, таным
түсінігін дамытып шығармашылық жолдағы бағдарын ашуға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар оқушының бейімділігіне қарай кәсіби мамандыққа деген
қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: