Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Бақылау сұрақтары: 
1. «Білім беру мазмұнының мәні» түсінігі. Білім беру мазмұнына берілген 
анықтамаларды талдаңыз. 
2. Білім беру мазмұны құрамаларына сипаттама.
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.
4. Білім беру мазмұнын белгілейтін нормативтік құжаттарға сипаттама 
беріңіз 
5.Жаңартылған білім беру мазмұнының мәні неде? 
6. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері. 
Дәріс №10
Тақырыбы
: Оқытудың заңдылықтары мен принциптері 
Жоспары: 
1. Оқыту принциптері туралы түсінік.
2. Оқыту принциптерінің жүйесі. 
 
1. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі 
заңдылықтар мен заңдар оқыту принциптері немесе дидактикалық принциптер 
деп аталады. Принцип-латын сӛзі - негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді. 
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту 
процесінің принциптері деп атайды.
Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар кӛптеген 
заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың 
қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін ӛтуде және оқудың барша 
кезеңдерінде олар ӛздерінің жалпы мәнін сақтайды. Принциптер дидактикалық 
процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке 
келеді.
Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын 
Я.А.Коменский
қалаған. Ол 
«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-
басты дидактикалық талаптарды баяндады. Олар: 
1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау. 
2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру. 
3. Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік). 
4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту. 
5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау. 
6. Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере 
алатын нәрсесін ғана оқыту. 
7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де 
қатыстырып оқыту. 


Я.А. Коменский «Ұлы дидактикасында» педагогикалық ойды және мектеп 
оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық 
принциптерді анықтады. Оқудың кӛрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі 
болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы. 
Коменский кӛрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның педагогикалық 
жүйесінде бір-бірімен ӛзара тығыз байланысып отырды. 
Алған 
білімнің 
тиянақтылығы 
жӛніндегі 
мәселе-Коменскийдің 
педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі. 
Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, 
дәйектілігін, ӛзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді 
Коменский. 
Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский 
оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізге», «нақтылыдан 
абстактылыға», «жеңілден ауырға» қарай кӛшіп отыратын негізгі ережесін 
құрды. 
2
. Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі 
дидактикалық принциптер: 
1. Оқытудың ғылымилық принципі.
2. Жүйелілік және бірізділік принципі.
3. Саналылық пен белсенділік принципі.
4. Кӛрнекілік принципі.
5. Оқытудағы білімнің беріктігі принципті.
6. Түсініктілік принципі.
7. Оқытудың мақсаттылық принципі.
8. Ізгілендіру принципі 
9. Проблемалық принцип
10. Интеграциялау принципі
11. Теория мен практиканы байланыстыру принципі
12. Оқудың ӛмірмен ұштастық принципін
13. Ынталандыру принципі
14. Ұнамды кӛңіл-күй сақтау принципі
15. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі.
Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық-психологиялық жағдайдың да 
мәні ӛте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды ӛткізу процесінде 
тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, 
қамқорлық және қиын жағдайларды ӛзара кӛмек іс-әрекетінің сапасына тиімді 
ықпал жасайды. 
Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау-бұл әр түрлі 
іс-әрекеттерін нақты жоспарлау, әр түрлі жұмыстарды (саяси-идеялық, 
қоғамдық пайдалы және ӛнімді еңбек т.б.) табиғи бірлікте жүзеге асыру. 
Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер әрқашан белгілі жүйеде, бір 
уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-әрекетті комплексті, параллель жүзеге 
асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті 
ете пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дәрежелісі 
болмайды, әңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдығы мен 


жалқылық дәрежесі жӛнінде болуы мұмкін. Барша принциптер ӛзара кіріге 
ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен 
мәндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бәрінің де қызметі-бағыттау, 
оқудың сапалы нәтижелеріне жетудің жолдарын кӛрсету. Білімдендіру ісін 
гуманизациялаудың мәні-оқушының тән-дене және ақыл-ес мүмкіндіктерін 
сақтау және дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нәтижесі оған жұмсалған 
оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принициптер 
баланың табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек 
нәтижелерін қалыпты мӛлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен 
ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет