12.Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасы.
13.Қазіргі уақытта қандай оқытудың жаңа формалары қолданылады?
Дәріс №12
Бастауыш мектептегі қазіргі сабақ
Жоспар:
1.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы
2.
Сабақ түрлері және олардың құрылымы
3.
Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары.
1.Сабақ - оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқытуды
ұйымдастырудың формасы дегеніміз
-
мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне
қолайлы жағдай жасау үшін
арнайы ұйымдастырылған, белгілі тәртіппен
жасалатын жұмыс.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында оның негізінен үш түрлі
формасы қалыптасқан: жеке, топтық және сыныптық- сабақтық жүйе.
Алғашында балаларды оқыту жеке - дара жолмен жүзеге асырылған.
Одан кейін оқытудың топтық түрі пайда болды. Бұл жеке - дара,
топтық
жүйе оқытудың анағұрлым ерте тарихи қалыптасқан жүйесі. Сыныптық-
сабақтық жүйе оқытудың ұйымдастырудағы топтық түрінің ең жоғары сатысы
болады. Бұл жүйенің негізін салушы Ян Амос Коменский. Оқытуды сыныптық-
сабақтық жүйесі ретінде дамытуға Гербарт,
Ушинский, Алтынсарин т.б. ұлы
педагогтар үлес қосты. Сынып-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі -
оқыушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің
болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды.
ХХ - ғасырдың екінші жартысында АҚШ - та және басқа европалық елдерде
Дальтон - План (оқушылардың ӛздігінен білім
алуына қолайлы жағдайлар
жасауды кӛздейді). Трамп планы (оқытудың кӛпшілік, фронтальдық түрін
арттыруды кӛздейді) сияқты т.б. оқыту жұмысын ұйымдастырудың жаңа
формалары орын алған.
Оқыту жұмысы сабақта, сыныптан тыс және үйде ұйымдастырылады.
Оқыту үрдісінде сабақтан басқа оқыту жұмысын
ұйымдастырудың экскурсия,
практикалық және лабораториялық жұмыстар, семинар, кеңестер, үйдегі оқу
жұмысы т.б. формалары кеңінен қолданылады.
Сабақ -
оқушылардың
топқа ұйымдасқан, сынып деп аталатын тұрақты
құрамымен мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақтар
тұрақты сабақ кестесі бойынша алмасып отырады.
Сабақ оқыту жұмысын
ұйымдастырудың негізгі формасы болу себебі - ол алдымен мұғалімге
оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндалуына мүмкіндік береді.
Сондай-ақ сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне
бағыт - бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.
Сабақ
Достарыңызбен бөлісу: