Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Лабораториялық
 
әдіс.
 
Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, 
практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс ӛлшеу және 
есептеу нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа 
жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін ӛте қолайлы. 
Лабораториялық әдіс кӛрнекілік және басқа да практикалық әдіс 
қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондлықтан да жаттығу мен 
демонстрацияға қандай талаптар қойылса, оған да дәл сондай талаптар 
қойылады. 
Практикалық әдіс 
басқаларға қарағанда оқушыларды тапсырманы 
жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға 
бейім сияқты қаиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың еңбекке 


деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын 
жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың 
жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, 
жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді. 
Практикалық жұмыстар
бес кезеңге бӛлінеді. Бұнда оқушылардың 
танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі. 
а) мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету; 
ә) кӛрсету (инструктаж); 
б) жұмысты жасап кӛру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате 
жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі); 
в) жұмыты әркімнің ӛзі орындауы; 
г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу 
сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және 
жылдам жасауы бақыланады. 
Ӛзіндік оқу жұмыстары.
 
Ӛзіндік оқу жұмысы-бұл оқушының бүкіл 
құрылымдық компоненттерінде, яғни мәселе қоюдан бастап, бақылау жасауға 
дейін ӛзін-ӛзі басқару және түзету орнатуға дейінгі белгілі бір дәрежедегі 
дербестік болып табылады. Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруға нұсқау: 
-
оқушының берілген есептің айқындылығы мен маңыздылығын 
түсіну арқылы тапсырмаға деген қызығушылығы болуы керек; 
-
мұғалімнің алдын-ала ӛзіндік жұмысқа керек материалды дайындап 
алуы; 
-
тапсырманың қиындығы, оны бүкіл оқушылардың шешу 
мүмкіндігіне байланысты болуы; 
-
жеке топтардың дайындығы мен табыстылығына байланысты 
дифференциалданған маетриал берген дұрыс; 
-
жұмыс тексерілген, қателері түзетілген, нәтижесі бағаланған болуы 
шарт. 
Ӛзіндік жұмыстың оқыту нәтижесі баланың материалды жинауынан, оның 
жеке ойлай білу тәжірибесінен, бағалауынан байқалады. Дамытушылық 
тиімділігі шектен тыс белсенділік пен психикалық күшті қайтаруымен 
қамтамасыз етіледі. Адамгершілік, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты ізгілік 
тәрбиесі қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет