Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет59/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Есепке алу
– бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің 
жұмысын жинақтап қорыту. 
Үлгерімді есепке лауда мынадай мәселелерді еске алған жӛн: 


- оқу бағдарламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену 
процесінде оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын жан-жақты 
бақылау керек; 
- әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы 
жеткілікті толық қорытынды шығарып отыру; 
- оқушыларға байымды толық мінездеме беру үшін олардың бірнеше оқу 
жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет. 
Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және 
техникасын жақсы білумен бірге оқу жұмысы жӛнінде объективті 
мәліметтердің болуы тиіс. Осы мәліметтерге сүйеніп, мектеп басшысы әрбір 
мұғалім жұмысының нәтижесін және дәрежесін анықтайды.
Жаңартылған білім берудегі бір ерекшелік – 
критериалды бағалау 
жүйесінің енгізілуі. Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда ӛз әрекетін бақылау 
мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына 
келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту 
процесі 
білім 
алушылардың 
бойында 
функционалдық 
сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 
Бұл оқыту процесінде оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім 
берудің 6 саласы бойынша айқындалып күтілетін нәтижелерге негізделеді және 
білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», 
«бағалайды», яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру маңызды.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық 
бағалаудан тұрады. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі: 
- оқыту мен бағалаудың біртұтастығына негізделеді; 
- білім алушылардың ілгерілеушілігі мен үлгерімін қамтамасыз етуде 
біртұтас тәсілді қалыптастыруға бағытталады; 
- оқу бағдарламаларына сәйкес дағдыларды дамыту және білім алуға 
дәлелдемелер жинақтау мен оқыту мақсаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз 
етеді; 
- әрбір сынып үшін пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны негізінде 
бағалау түрлері мен әдіс-тәсілдерінің алуан түрлерін қамтиды. 
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың ӛзара 
байланысына негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың 
нәтижелері білім беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін 
пайдаланылады. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму 
дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет