«2» бағасы- оқушы жауабында қателіктер, білімінде елеулі кемшіліктер
бар;
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып
жатқан ӛрескел қателері үшін қойылады.
Оқушылардың білімін тексеру процесінде, оларға тек қана баға қоюмен
шектелуге болмайды. Мұғалім оқушы оқу материалын қалай ұқты, білімі
қаншалықты берік, терең, дәл, анық, міне, осы жағына баса кӛңіл аударуы
керек. Оқытушы тексерудің барысында оқушылардың үлгерім динамикасын,
білімдерін тексеруде олардың ынтасын зерттейді, тексерудің үнемі жүйелі
түрде болып отыруын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен кӛрсетудің әр түрлі жүйелері
«балл» түрінде басқа да елдерде қолданылады.
Венгрия, Югославия және Чехославакия елдерінде «бес» баллды жүйе
қолданылады. Венгрия мен Югославияда «бес» жоғары, «бір» тӛмен баға, ал
Чехославакияда «бір» жоғары, «бес» тӛмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия және Ауғаныстан мектептерінде оқушыларға 1-ден
10-ға дейін баға қойылады. 10-ӛте жақсы, 1 ӛте жаман, ал сыныптан сыныпқа
кӛшу 5,6 сандық белгілермен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10 баллдық жүйе
бойынша, ал лицейде 20 баллдық шкала арқылы баға қойылады.
Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі
қолданылады: А,В,С-жақсы, Д,Е-жаман. Кӛптеген оқу орындарындағы бір
жастағы әр түрлі дарынды оқушылар топтарға бӛлінеді: А-дарынды, В-
қарапайым, С-қабілетсіз. Оқушылардың топқа жататынын анықтау үшін оны әр
түрлі сыннан ӛткізеді, соның нәтижесінде оған «ақыл-ой қабілетінің
коэффициенті» атағын береді. «Дарынды» оқушыларды дамыту үшін ерекше
жағдай жасайды, «қарапайым» оқушылар тек қана «практикалық» білім және
пайдалы дағдылардың минимумын алады.
Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа
формалары қолданылады, оны мадақтау деп айтады. Мұғалім оқушының
жауабын тыңдап болған соң оған: «Бүгін сенің жауабың ӛткенге қарағанда
әлдеқайда жақсы және тыңғылықты, мадақтауға тұрарлық. Жарайсың!» дейді.
Бірақ, оқушыларға баға қойылмайды. Ӛйткені, материалды игеруді есепке алу
үшін логикалық есептер жүйесін және әр түрлі тестер қолданылады, оларды
мұғалім жасайды. Тестер бойынша оқушылардың жауабын 10-нан 100-ұпайға
дейін бағалайды. Оқу жылының аяғында оқушыларға мінездеме жазылады,
онда әрбір оқушының алған ұпай саны алынады.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме
беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және
мінез-құлқы жӛнінде барлық мәліметтер енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: