Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Сабақ түрлері және олардың құрылымы



Pdf көрінісі
бет55/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Сабақ түрлері және олардың құрылымы 
Сабақтың түрлері мен оның құрылымы сабақты жетілдіру жолындағы 
маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтарды топтастырылу туралы әр 
түрлі кӛзқарастар бар. Қазіргі кездегі дидактика сабақтарды топтастыру 
мынадай белгілерге негізделеді: оқыту мен нақты сабақтың мақсат-міндеттері 
және сабақтың кезеңдері (құрылымды бӛліктері). Осыған орай сабақтардың 
мынадай негізгі типтерін (түрлерін) ажыратуға болады: 
1. Жаңа білім меңгеру сабағы. 
2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы. 
3. Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы. 
4. Кайталау, пысықтау сабағы. 
5. Тексеріп алған білім сапасын айқындау. 
6. Аралас сабақ. 
7. Жинақтап қорыту сабағы. 
Сабақ біртұтас құбылыс бола тұрып, бірнеше, түрлі дидактикалық 
мақсаттардың орындалуын талап етеді. Мұғалім алдымен оқушыларды сабаққа 
дайындау, одан кейін ӛткен материалды еске түсіру, жаңа материалды 
түсіндіру, оны бекіту, үй тапсырмасын беру сияқты мақсаттарды кӛздейді. 
Осындай мақсаттарды орындауға бағытталған сабақтың белгілі кезеңдері, 
құрылымды бӛліктері болады. Олар: сабақтың басталуы, үйге берілген 
тапсырманы тексеру, оны пысықтау және қайталау, сабаққа қорытынды жасау, 
үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау беру.
Сабақ құрылымы деп сабақтық барысында оның құрамды бӛліктерінің, 
кезендерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. 
Сабақтың құрылымы оқытудың мақсат-міндеттеріне, оқу материалының 
мазмұнына ыңғайлы үлгісін қалап алғаны жӛн.
Сабақ ӛткізу алдымен оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру болып 
табылады. Мұның құрылымдық түрі - сыныптағы оқушылардың барлық 
құрамын және жеке тұлғаны жұпқа, топқа бӛлу арқылы әрекетке келтіру 
негізінде жүргізіледі. Сараптай айтқанда сыныптағы барлық оқушының іс-
әрекетін мұғалім басқарып бағдарлайтын бірлескен әрекет болып табылады. 
Сондай-ақ жеке тұлғаның әрқайсысы ӛз алдына дара да дербес түрде 
әрекеттенеді. Сабақ барысында оқушыларды топқа бӛлгенде 4-5 шәкірт бір топ 
немесе екі-екіден бірлескен топ болып, берілген тапсырманы мұндай жағдайда 
орындаудын натижелік кӛрсеткіші жоғарырақ болады. Ӛйткені топтастыруда 
үлгерімі бірыңғай немесе әр түрлі үлгерімдегі оқушылар болса олар бір-бірінен 


жәрдем алады. Ӛзара пікірлесіп еңбек ету барысында нашар оқитын шәкірт 
білімді тиісті деңгейде меңгерудің жол-жосығын құрбыларынан үйреніп, іс-
әрекетке ықыластана кіріседі. Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып, 
белсенділігінің артуына ықпал етеді. 
Сабақта топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру жолдарын мына сілтеме 
арқылы кӛре аласыз. 
https://www.youtube.com/watch?v=30zozWFMvnY&list=WL&index=3&t=0s
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет