жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі – талаптар
(параметры) жиынтығын қамтиды. Осы орайдан Қазақстан Республикасында
жалпы орта білім берудің мемлекет стандартында басшылыққа алынатын үш
денгей кӛрсетілген:
1. Тұлғаға берілетін білімнің әлемдік мәдениеттің қол жеткен табыстарына
үйлесімділік (интеграциялық) мәнде болуы;
2. Білім мазмұнының аймақтық, ұлттық танымға сәйкестігі және
білімдендіруде елдің тілі мен әдебиеті, тарихы, жағрафиясы, ӛнері, дәстүрлік
салты ескерілетіндігі т.б.
Берілетін білімді жүзеге асыратын оқу орнының ерекшеліктеріне сай
тұлғаның мемлекет алдында, ал мемлекеттің тұлға алдында жауапкершілігі
қатаң сақталып, білімнін терең де тиянақты болуы және оқу жүктемесінің
нормалық талап деңгейіне сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету
кӛрсетілген.
М.Ж.Жадрина:«Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз – осы
салада мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі», - деген
анықтама берген. Автор параметрлерге білім мазмұнынының құрамы мен
құрылымы, оқу жүктемесінің кӛлемі, оқушылардың дайындық деңгейі, оқу
нәтижелерінің ӛлшемдері және т.б. жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: