Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет40/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Бақылау сұрақтары: 
1.
Оқыту үдерісі дегеніміз не? 
2.
Оқыту ұстанымын түсіндіріңіз. 
3.
Дидактика нені зерттейді және оның негізгі категорияларын атаңыз. 
4.
Оқыту үдерісінің жүйесін, құрылымын сипаттаңыз. 
5.
Оқыту үдерісі қызметінің мәні, олардың ӛзара байланысы. 
6.
Оқыту үдерісіне қандай белгілер тән? 
7.
Таным мен оқыту үдерістері ӛзара қалай байланысады? 
8.
Оқыту процесінің танымдық іс-әрекеттерінің кезеңдері жӛнінде не 
айтар едініз ? 
Дәріс №9 
Тақырыбы

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі. 
Бастауыш білім беру мазмұны
Жоспары: 
1. Қазақстанда халыққа білім беру жүйесі. 
2. Білім мазмұны. Білім берудегі мемлекеттік стандарт. 
3. Оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық. Оларға сипаттама



 
Қазақстан Республикасындағы халыққа білім және тәрбие беру жүйесі ҚР 
«Білім туралы» Заңында толық кӛрсетілген. Осы заң білім беру саласындағы 
қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі 
принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім 
алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады.
Отбасылық тәрбие
. Отбасы жеке адамның жан-жақты және үйлесімді 
дамуына жауапты. Балалардың отбасында тәрбиеленуі білім беру 
мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
Жергілікті білім беру орындары мен мекемелер, ғылыми-зерттеу 
институттары, қоғамдық бірлестіктер еңбек ұжымдары біріге отырып, оқыту 
мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата-аналарға, оларды алмастыратын 
адамдарға отбасы тәрбиесі жайында кӛмек кӛрсетеді, жағдайлар жасайды.
 Мектеп жасына дейінгі тәрбие.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар 
мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін 
тәрбиеленеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеуге үкімет 
кӛмектеседі. Ол үшін ата-аналарға ӛтем тӛлемдері беріледі. 
Жалпы орта білім.
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты әр жақты 
дамыған, адамгершілігі мол, жеке ӛзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра 
білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде ӛз ұлты мен жалпы адамзат 
қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре 
алатын адамды тәрбиелейді. 
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас 
ерекшелігінің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ, жасӛспірім шақ) 
сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады: 
1.
Біріншіден саты – бастауыш мектеп (I-IV-сыныптар). 
2.
Екінші саты – негізгі мектеп (I-IX-сыныптар). 
3.
Үшінші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (I-IX-сыныптар). 
Мектептен тыс тәрбие мен оқыту.
 
Балалардың қабілеттілігі мен 
бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар 
беруге, ғылым мен техникаға, ӛнерге, әдебиетке, спортқа, ұлттық дәстүрге
құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын, дұрыс 
ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және 
тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады. Мұндай мекемелерге: балалар 
клубтары мен парктер, балалар кітапханалары, балалар театрлары мен 
стадиондары, спорт, музыка мектептері және мектептен тыс басқа да балалар 
мекемелері жатады. 
Орта арнаулы білім.
 
Қазақстан Республикасының азаматтары орта 
арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік біліммен бірге толық орта білім алып 
шығады. Орта арнаулы оқу мекемелеріне әр түрлі колледждер жатады. 
Жоғарғы білім.
 
Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар 
университеттерде, институттарда, академияларда және соларға теңестірілген 
оқу орындарында білім алады. 


Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру қызметтің негізгі бейіні мен кадрлар даярлаудың бағыттары бойынша 
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, 
ғылыми 
ұйымдардың 
магистратурасында, 
резидентурасында 
және 
докторантурасында, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының 
стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту 
нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға жiберу арқылы жүзеге 
асырылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік 
білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды. 
Арнаулы білім мекемелері
.
Бұлардың бірнеше түрлері бар. Жетім балалар, 
ата-аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп-
интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады. 
Ақыл-ойында кемістігі бар және ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін балалар 
үшін арнаулы мекемелер ұйымдастырылады. 
Қоғамға жат мінез-құлқымен байқалған оқушылар үшін ерекше күн 
ырғағындағы жалпы білім беру мектептері мен кәсіптік-техникалық 
колледждер құрылады. 
Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау. 
Жұмысшылар мен мамандардың, басты қызметкерлердің біліктілігін 
арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, 
кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. 
Кадрлардың біліктілігін арттыру мемлекет қаржысы есебінен және шарттық 
негізде де жүзеге асырылады. 
Қосымша білім
 
беру үшін дене шынықтыру – сауықтыру, техникалық, 
мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды 
Білім министрлігі және жергілікті ӛкімет басқару орындары бекітеді. 
Сонымен, білім мен тәрбие беру – бұл Республика азаматтарының 
құзыретін және адамгершілік, интеллектуалды, мәдени дамудың жоғарғы 
деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз тұтас педагогикалық үдеріс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет