Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

Түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту. 
Оқытудың бұл түрінің басты 
сипаты-мұғалімнің тиісті материалды талдап түсіндіруін оқушы сол дайын 
күйінде қабылдап, қайталап беру арқылы білім алады. Дидактикалық бұл үрдіс 
мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті негізінде жүзеге асатындығын 
педагогика оқулықтары мен әдістемелік оқу құралдарында жан-жақты 
баяндалған. Оның екі жақты әрекеттегі жүйелілік мәні мынау:
Оқытудағы мұғалімнің іс-
әрекеті 
Оқудаты оқушының іс-
әрекеті 
1. Білімдік жаңа түсінік беру. 
2. Оқу материалын ұғынуды 
ұйымдастыру. 
3. Алған білімін пайдалана білуді 
ұйым-дастыру. 
4. Оқыту материалын бекітуді 
ұйымдастыру. 
5. Алған білімін қолдана білуді, 
меңгерген деңгейін бағалауды 
ұйымдастыру. 
1. Білімдік мағлұматты 
қабылдап түсіну. 
2. Оқу материалын ойланьш, 
ұғымдық түсінігін кеңейту. 
3. Меңгерген білімдік 
материалдарын пайдалану. 
4. Оқу материалын қайталап 
бекіту, пысықтау. 
5. Алған білімді жаттығулар 
негізінде, түрлі тапсырманы 
орындау арқылы жүзеге асыру. 
Білім беру саласында түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту жолының 
мәнділігі ой-пікір айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты оқушы 
қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады. Ал мұндағы 
әлсіздік - берілетін білім-түсінік репродуктивтік, яғни қайталау түрінде келеді 
де, оқушының іс-әрекеттегі ӛзіндік ізденісі мен ӛзінше ойлануына онша мән 
берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде осы жол етек 
алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік бұл жолдан 
кӛптеген мқғалімдер шыға алмай шырмалап келеді, ӛйткені жаттандылық 
түріндегі оқытуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік 
әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған. 
Проблемалық оқыту

Проблемалық оқытуда мұғалім оқушы білуге тиісті 
таным-түсінікті ӛзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға 
тиісті 
заңдар 
мен 
заңдылықтарды, 
теориялық 
танымды, 
ақыл-ой 
тұжырымдамаларды оқушьшың ӛздеріне іздету арқылы тапқызып, деректерді 
талдап талқылау арқылы жеткен нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі 
болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық 
ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, 
мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным-түсінікті 
меңгеруді оқушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс-әрекет барысындағы 
жүйе мынау:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет