«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата07.12.2022
өлшемі0,76 Mb.
#161690
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
@10SYNYPBJB ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚГБ 10 СЫНЫП VK-10SYNYPBJB

Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары 
Орындау уақыты 
25 минут 
 
Тапсырма 
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
 
Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті 
әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану 
белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша 
тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған 
адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен 
бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері: 

жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы; 

жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай 
жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толған қылмыскердің 
ата-анасына); 

жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге 
байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан 
айырады. 
XV-XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері 
болған: 
а) рудан қуып жіберу; 
ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру
б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін 
айыппұл тағайындау; 
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құн тағайындау; 
г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарға 
тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір 
қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, 
қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. 
Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық 
шығынға ұшырайды.
Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысының белгілі бір бөлігін мемлекет 
пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. 
Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып 
табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге 


36 
белгіленеді. 
Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, 
ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет