Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата07.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#161816
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Глоссарий

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 
1.
Шоқан Уалихановтың тарихта алатын орны? 
2.
Ы.Алтынсаринның білім саласындағы рөлі? 
3.
Қазақтың 
бас 
ақыны-Абай 
Құнанбаев: 
шығармаларындағы 
көтерілген мәселелері? 


48 
Тақырып 7-8 : Сен қазақтың – аға халықтың ұлысыҢ: Ә. Бөкейханов 
және қазақ интеллегенциясы 
1.Ә.Бөкейханов және оның саяси портреті 
2.Алаш орда үкіметі , оның қызметі туралы 
3.Қазақ интеллигенциялары:
1.
Ахмет Байтұрсынов 
2.
Мағжан Жұмабаев 
3.
Міржақып Дулатов 
4.
Жүсіпбек Аймауытов 
5.
Шәкәрім Құдайбергенов 
Байтұрсынұлы Ахмет (1873-1937) - қазақтың ұлы ағартушысы, ірі 
ғалым-лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм 
зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – 
бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының 
Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). Батырлықты, билікті салт қылған 
ірі мінезді адамдары көп ортада туып, өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, 
күйбің тірлік кешкен өзге қазақы ортадан бөлектеу еді. Әділетті жақтау, 
қиянатқа төзбеу - атадан балаға қалған мұра секілді қасиет еді мұнда. 
Әділеттің ісін тізіп, әріге бармай-ақ, беріден қайырсақ, әкесі 
Байтұрсынның параға сатылып, аулына қиянат жасаған Торғай уезінің 
начальнигі, «кәрі ояз» атанған Яковлевті сабап, басын жаруы да сол 
қасиеттің құдіреті болатын. Осы қасиет Ахметті де өз ортасынан суырып 
алып, күрес жолына салды. Патша өкіметінің зұлым саясатын, халқына 
жасап отырған көрнеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп, біліп отырып, 
жан бағып, жайына жүре алмады. Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, 
Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне 
қарамастан, «өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, 
құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, 
ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол 
уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш 
болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына 
жанын аямай қызмет қылды…, халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі 
үшін бір басын бәйгеге тікті» (С. Сейфуллин). Ол замана ағымымен 
кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы 
көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады. Ол отаршылықтың 
озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты ағартудан басқа жол 
жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, 
бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті - мұқалмады; 
түрмеге қамалды – жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас 
ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын 
оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, 
түрлі қызмет істеп, үлгі - өнегеге көрсетті, Ол өзі атқарған үлкенді–кішілі 
қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен өлеңдерін шығарған 
баспа орындарын да – бәрін-бәрін халқына қалтқысыз қызмет етудегі өз 
идеясын, өз саясатын жүзеге асырудың құралы етті. «Ахаң ашқан қазақ 
мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – 
«Қырық мысал», «Маса»; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына 


49 
істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз 
ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын» (М.Әуезов). Бірақ 
зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл 
ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге 
тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған 
халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғысын 
жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына 
жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, 
шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, 
Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты. 
Дулатов Міржақып (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті
ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз
шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарықопа болысының
үшінші ауылы. Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі
болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын 
тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында
айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі 
Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін 
армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына
ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып,
ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл
тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп,
түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын
жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар 
болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, 
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген
Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы
арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды
күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді. Кең
даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: 
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты»
деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс 
әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты
шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр
сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп
ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы
қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап
оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет 
Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. 
Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан
соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта
жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп
тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен
ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір 
еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған


50 
халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да 
халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын 
жазбай, « Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас 
тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының
жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін
еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де 
халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде
сақтады, ардақ тұтты.
Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып қашанда күрес
шебінің алдында болды. Жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен
де, жеке басының жүріс- тұрысымен де ол өзінен кейінгі жастарға
әсер етіп, оларды халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді. Оның
публицистикалық толғауларынан шағын өлеңдеріне дейін, «Бақытсыз 
Жамал» романынан газет журналдардағы шағын мақаласына дейін
халық мүддесіне арналды. Сонымен бірге ол Ахмет ағасы секілді
жастарды тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді, халықтың
пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға, елін, жерін сүйетін тәрбие беруге
күш салды. Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік міндетті
қосарлап көтеруі де Міржақыптың халқын беріле сүйетіндігінің айғағы 
еді. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп, ертеңі үшін жанын қиған
Жақаң: «Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, Сол бір қайғың өзегімді 
өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден, Еңсең неге түсті мұнша, 
елім-ай» деп, дүниеден арманда кетті.
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858- 1931) ХІХ ғасырдың екінші
жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, 
әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып,
адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны. 
Ол сондай ақ прозашы, аудармашы, тарихшы және философ. Кейбір 
деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді. Туған жері
қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау 
бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді
Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, 
шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. 
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың
тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған.
Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес 
жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның 
көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде
ақынның өзі: «қажы марқұм мені «жетім» деп аяп, қысып оқыта алмай,
жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп
өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті 
жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше 
зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, Молда 
сабағынан басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен
қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет 
салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай 
ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас 


51 
Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді.
Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім
ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта
бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет