2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Көркем еңбек» оқу пәні, 2-4 сыныптар



Pdf көрінісі
бет140/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

 
«Көркем еңбек» оқу пәні, 2-4 сыныптар 
2022-2023 оқу жылында орта білім беру ұйымдарының 2-4 сыныптарында 
«Көркем еңбек» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес 
ұйымдастырылады. 
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы 
және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін 
дамыту, 
шығармашылық, 
кеңістіктік-образдық 
ойлауын, 
көркемдік-
технологиялық білімінің негізін қалыптастыру. 
3. «Көркем еңбек» оқу пәнінің міндеттері: 
1) әртүрлі іс-әрекеттерді кіріктіру арқылы пәндік білімдерді, дағдыларды 
және қабілеттерді дамыту; 
2) ұлттық және әлемдік материалдық мәдениет пен өнер 
шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру; 
3) білім алушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни 
ойлауын дамыту үшін терминологиялық аппарат қалыптастыру; 
4) бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу 
дағдыларын дамыту; 
5) 
әртүрлі 
материалдар 
мен 
құралдарды 
қолдану 
арқылы 
шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; 
6) білім алушылардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату және жағымды 
көзқарас қалыптастыру; 
7) коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет 
мұраларының мағынасын, көркем еңбектің рөлін түсіндіру; 


250 
8) өз жұмысын жасау үшін, әртүрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, 
сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әртүрлі танымдық, 
коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы 
міндеттерді өздігінен шешу тәжірибелерін қалыптастыру; 
9) ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау процесінде қолдың 
моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын, елестетуін 
және қабылдауын дамыту. 
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдылармен бірлесе 
дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен азаматтық 
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», 
«ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, 
Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып 
қалыптасуына негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет