Бағдарламасы «6В07107 Электр энергетикасы»



бет1/4
Дата09.06.2022
өлшемі204,82 Kb.
#146262
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Оқу практикасы ЭЭ 1 курс 2022


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Физика-техникалық факультеті
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Физика-техникалық факультетінің деканы
_________________ Давлетов А.Е.
«___»______________2022 ж.



ОҚУ ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ



«6В07107 – Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы үшін


Алматы, 2022 ж.
«6В07107 – Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасына сәйкес оқу бағдарламасына оқу тәжірибе кіреді. Студенттің оқу тәжірибесі, меңгерген теориялық білімді бекітуге және тәжірибелік біліктілікті арттыруға, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.

Құрастырған: аға оқытушы Нурушева М.М.


Бағдарлама плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасы мәжілісінде қарастырылған және ұсынылған


№___ хаттама «___» _____________ 2022 ж.


ПФН және КФ кафедра меңгерушісі _______________ Қоданова С.К.

Бағдарлама факультеттің әдістемелік бюро мәжілісінде мақұлданған


№___ хаттама «___» _____________ 2022 ж.


Физика-техникалық факультетінің
әдістемелік бюро төрайымы ______________ Машеева Р.У.

Оқу тәжірибесінің міндеттері мен ұйымдастырылуы

Студенттердің оқу тәжірибесі – жоғары білікті мамандарды дайындаудағы маңызды кезең болып табылады. Тәжірибенің басты міндеті студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық білімдерін бекітіп және болашақ мамандықтарын тәжірибелік жағынан үйреніп, теория мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін байланыстыра білу.


Оқу тәжірибесінің базасы студенттің ғылыми қызығушылығына сәйкес таңдалады. Студенттер оқу тәжірибені университетте өтеді.
Тәжірибенің мақсаты болып, білім алып жатқан мамандығы бойынша қолданылатын математика және физика бойынша негізгі анықтамалар, формулалар, яғни теориялық білімін бекіту болып табылады.
Оқу тәжірибесін өту кезеңінде студенттер практика жетекшісі берген тәжірибелік материалдарды терең зерттеулері тиіс. Тәжірибе кезінде орындалған тапсырмалар және қолдану материалдары оқу тәжірибе есебіне тігіліледі.
Оқу тәжірибені өтудің алдында кафедрадан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс тізімі мен орындау уақыты және жұмыс орны көрсетілген күнтізбелік жоспарды құрастырады.
Оқу тәжірибесінің міндеттеріне кіреді:
- студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық және машықтану білімдерін бекітіп, алған білімдерін мамандығы бойынша есептерді шешуде пайдалана білу;
- таңдаған мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, оны дамыта білу;
- оқу тәжірибе бойынша есепті құрастыруда нақты материалдарға талдау жасап, қол жетерлік ақпараттарды жүйеге келтіріп, жинау;
- Өз бетімен жұмыс жасауда тәжірибесін дамытып, зерттеу әдістемелерін үйрену;
- студенттердің тәжірибелік жұмыстарға дайындығын анықтау.
Оқу тәжірибе бағдарламасын орындамаған және есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент ақылы түрде қайта өтеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет