Тәжірибеге жетекшілік жасау
Тәжірибеге жалпы оқу әдістемелік жетекшілік етуді Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы жүргізеді.
Оқу тәжірибесінің кафедрадан тағайындалған жетекшісінің міндетіне кіретін:
- күнтізбелік жоспарды құрудағы сұрақтарға, тәжірибенің өтілу жоспары мен оның ұйымдастырылуына кеңес беру;
- тәжірибенің өтілу уақытындағы күнделікті толтыру барысындағы туындағын сұрақтарға кеңес беру;
- оқу тәжірибесінің нәтижесі бойынша есепті дайындап, жазудағы материалдарға талдау жасап, жинауда әдістемелік көмек;
- оқу тәжірибенің өтілуіне байланысты студенттің есебіне қысқаша пікір жазып беру.
2. Тәжірибеленуші- студенттің міндеттері
Оқу тәжірибесін өту барысында студент міндетті :
тәжірибені өту орнындағы ішкі тәртіп, ережені сақтауға;
кафедрадан тағайындалған тәжірибе жетекшісінің тапсырмаларын орындауға;
тәжірибенің өту жоспары мен күнтізбелік жоспарды өз уақыты мен толық көлемде орындауға;
көрсетілген нұсқада күнделікті толтыруға;
тәжірибе нәтижесі бойынша, кафедра бекіткен уақыт пен нұсқада есепті ұсынып, қорғау.
3. Оқу тәжірибесінің мазмұны
Тәжірибені өту барысында студент өз бетімен жұмыс істеуді, тәжірибе жетекшісі берген тапсырмаларды орындауды үйренеді. Төмендегі кестеде тәжірибе мазмұны және сәйкесінше қосылатын баллдар көрсетілген.
№
|
Тапсырма аты
|
Мерзімі
|
Бағасы
|
1
|
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу, азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау. Векторлармен жұмыс.
|
30.05.22 – 31.05.22
|
10
|
2
|
Физикалық шамалардың өлшем бірліктері. Координаттар жүйелері. Физикалық тұрақтылар.
|
1.06.22 – 2.06.22
|
10
|
3
|
Матрицалар. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі.
|
3.06.22 – 4.06.22
|
10
|
4
|
Тізбектегі тұрақты ток. Ом заңы. Кирхгоф ережелері.
|
6.06.22 – 7.06.22
|
10
|
5
|
Айнымалы ток заңдары
|
8.06.22
|
15
|
6
|
Тербелмелі контурдың екінші реттік
дифференциалдық теңдеуі
|
9.06.22
|
15
|
7
|
Күнделік және есеп тапсыру
|
10.06.22 – 11.06.22
|
30
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |