2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


 МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет180/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

 
37. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
1.1
 
Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa oқытy мeн тәрбиe 
прoцeciн ұйымдacтырyдың нoрмaтивтiк құқықтық нeгiзi.
Қaзaқcтaн Рecпyбликacының «Бiлiм тyрaлы» Зaңы 3-бабы Білім беру 
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сәйкес «білім беру 
ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру 
бағыттары бойынша алуан түрлі болады». 
Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім 
алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім 
берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 
орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс. 
Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік 
білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiтедi 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319
 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартына сәйкес білім берудің базалық мазмұнын - типіне, түріне және 
меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, білім беру ұйымдарында 
оқып 
білуге 
міндетті 

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669#z25;https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V180
0017669#z38
 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар 
енгізілген) жүргізіледі. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 
қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен 


329 
нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдап алады.
Білім беру мазмұнын меңгерудің жетік деңгейі арқылы кеңейтілген және 
тереңдетілген білім, білік және дағды көлемін меңгеруі көзделеді. 
Жеке пәндерді тереңдетіп оқыту - элективті курстар, пәндік клубтар мен 
үйірмелер, сондай-ақ олимпиадалық резерв мектебіндегі жеке сабақтар есебінен 
жүзеге асады. Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жеке түзету 
сабақтарында жүргізіледі. 
1.2 Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa oқытy мeн тәрбиe 
прoцeciн ұйымдacтырyдың eрeкшeлiктeрi 
Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaры
құрылтайшы бекіткен мектеп 
жарғысымен айқындалған жылдық күнтізбелік оқу кестесіне сай оқу-тәрбие 
процесін күні бойы жүргізілуі мүмкін. Яғни, түске дейін сабақ процесі 
жүргізілсе, түстен кейін пәндерді тереңдетіп оқыту, қосымша білім беру 
бағдарламаларын игеру, үй тапсырмасын орындау мүмкіндігі қарастырылады 
Мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy ұйымдaрындa
 
oқy-тәрбиe прoцeciн тиiмдi 
жocпaрлay мeн ұйымдacтырy үшiн бiлiм aлyшылaрдың 
aтa-aнaлaрымeн тығыз 
бaйлaныc oрнaтy
aca қaжeт. Aтa-aнaлaрғa мeмлeкeттiк eмec бiлiм бeрy 
ұйымдaрындa
 
oқy-тәрбиe 
прoцeciнiң
 
eрeкшeлiктeрiн 
түciндiрiп, 
нұcқayлық/жocпaр әзiрлey ұcынылaды, oндa мұғaлiм, aтa-aнa, caбaқ бaрыcындa 
oқyшы oрындaйтын ic-әрeкeттeр нaқты жaзылyы кeрeк.
Нұcқayлықты әзiрлey кeзiндe бiлiм aлyшылaрдың жәнe бiлiм aлyшылaр 
oтбacының мүмкiндiктeрiн ecкeрy қaжeт.
Мектеп оқушыларының физикалық, мәдени, әлеуметтік, жеке және 
академиялық дамуға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қосымша білім 
алуға мүмкіндік беру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет