98
3-
тапсырма. Адамның қасиеттерін сипаттайтын синонимдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Абзал, ардагер, асыл;
адал, ақ жүрек, ақ;
айбатты, қаһарлы, айбарлы, айбынды;
ақ көңіл, ақ пейіл, аңқылдақ, көңілшек;
атақты, даңқты, айтулы, әйгілі, белгілі, көрнекті, мақтаулы, аты шулы;
ауқатты, дәулетті, әлді, бай, қуатты;
батыл, өжет, өткір, жүректі;
беделді, абыройлы, қадірлі;
өтімді, ықпалды;
білікті, білімді;
дүниеқор, дүниеқоңыз, сараң,
діншіл, құдайшыл, діндар, тақуа;
ебедейсіз, икемсіз;
епті, икемді, ыңғайлы, оңтайлы, бейімді;
жағымпаз, жарамсақ;
сылбыр, самарқау, жалқау, керенау;
жайдары, ашық, ақ жарқын;
жуас, момын, бұйығы, тұйық
;
инабатты, әдепті, ізетті, ибалы;
өзімшіл, менменшіл;
сабырлы, байсалды, салмақты, ұстамды, төзімді, маңғаз;
ұқыпты, мұқият, құнтты.
4-
тапсырма. Мінездемеде жазылатын тұрақты оралымдарға назар аударыңыз.
Жолдастарына сыйлы, үлгілі
отбасы иесі,
әріптестер арасында беделді,
жоғары білімді,
тәжірибесі мол, бірнеше
тілдерді жетік меңгерген,
әкімшілік жауапқа тартылмаған,
қоғамдық
жұмыстарға
белсене араласады,
сыйақылармен марапатталған,
мінезі тұйық,
компьютерлік
бағдарламаларды меңгерген, әскери міндетті, өз ісіне берілген, берілген тапсырманы жауапкершілікпен
уақытында орындайды, адамдармен тез тіл табыса алады, икемді, білім жетілдіру курсын бітірген, спорт
шебері, табиғат қорғаушысы.
Достарыңызбен бөлісу: