16. Практикалық сабақтың тақырыбы : Іс жүргізу технологиясы және оны ұйымдастыру. Кіріс құжаттары, шығыс құжаттары, істер номенклатурасы. Істерді ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау Сабақтың мақсаты: : Іс жүргізу технологиясы және оны ұйымдастыру. Кіріс құжаттары,
шығыс құжаттары, істер номенклатурасы туралы ақпарат беру.
Сабақтың барысы: кіріс, шығыс құжаттарымен танысу, құжат үлгілерін толтыру
Кіріс құжаттары Кіріс құжаттарын бастапқы өңдеу
-
жеткізудің дұрыстығын және салымдардың
тұтастығын тексеру, ұйымға құжаттардың келіп түсу фактісін жазу, құжаттарды бағдары
бойынша тапсыруға дайындау болып табылады. Құжаттар салынған конверттер құжаттама
қызметінің қызмет бөлмесінде ашылады, құжаттардың нақты көрсетілген мекен
-
жайға
жеткізілуі, бумасының бүтіндігі тексеріледі. Егер құжат түгел болмай шықса немесе
бүлінгені анықталса, оның соңғы парағына төменгі жиегінен, сондай
-
ақ тіркеу
-
есепке алу
нысанына тиісті белгілер қойылады және еркін нысанда үш данада акті жасалады. Бір данасы
жөнелтушіге, екіншісі –
ұйымның құжаттама қызметіне, үшіншісі –
құжатты орындаушыға
тапсырылады. Құжаттама қызметі кіріс құжаттарын тарату үшін алдын ала қарап шығады.
Құжаттарды алдын ала қараудың алғашқы кезеңінде оларды тіркеуге алынатын және
тіркеуге алынбайтын құжаттар ретінде іріктейді.
Тіркеуге алынбайтын құжаттар ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне
тапсырылады.
Тіркеуге алынатын құжаттар келіп түскен күні ұйым басшысының, құрылымдық
бөлімшенің қарауына беріледі.
Ұйым басшысы қараған құжаттар құжаттама қызметіне қайтарылады, ондағы
бұрыштаманың мазмұны тіркеу
-
есепке алу нысанына енгізіледі және орындауға
тапсырылады. Орындауды бірнеше құрылымдық бөлімшелерге жүктелген құжат оларға
кезекпен беріледі немесе бір уақытта көшірмелері тапсырылады. Түпнұсқа бұрыштамада
бірінші тұрған орындаушыға беріледі.