Функционалдық сауаттылық



Pdf көрінісі
бет64/132
Дата13.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#162546
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132
 
Кілт сөздер: 
функционалдық сауаттылық,математикалық сауаттылық,әдіс
-
тәсілдер.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру —
қазіргі заман 
талабы.
Ең қарапайым
сұрақ
-
мектепте не оқыту керек? Ең қарапайым
жауап
-
Білім. 
Оқушы тіл ережелерінің белгілі бір жиынтығын, тарихи фактілерді, физикалық 
заңдарды, математикалық формулаларды және т.б. білуі және түсінуі керек. 
Солай емес пе? Бәрі қисынды сияқты. Бірақ
сарапшылардың көпшілігі нақты 
өмірлік мәселелерді шеше білу және ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу 
әлдеқайда маңызды деп санайды. Педагог
-
ғалымдар өз шеңберінде мұны 
"базалық құзыреттер", "функционалдық сауаттылық", "шығармашылық 
когнитивтік міндеттер" және өзге де дана сөздер деп атайды. Функционалдық 
сауаттылық адам іс
-
әрекетінің, қарым
-
қатынас пен әлеуметтік қатынастардың 
әртүрлі салаларында өмірлік міндеттердің кең ауқымын шешу үшін өмірде 
үнемі алған барлық білімді, дағдыларды пайдалану мүмкіндігі ретінде 
қарастырылады. Функционалды сауатты тұлға
-
бұл әлемде бағдарланған және 
әлеуметтік құндылықтарға, үміттерге және мүдделерге сәйкес әрекет ететін 
адам.
Функционалдық сауаттылық

адамның сыртқы ортамен қарым
-
қатынасқа 
түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым
-
қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық 
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп 
саналатын және оның әлеуметтік қарым
-
қатынас жасауын қамтамасыз ететін 
білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек 


145 
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол –
ұлттың, елдің немесе 
жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай 
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке 
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Мектеп оқушыларының 
функционалдық сауаттылығы дегеніміз

оқушының пәнді терең түсіну 
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда 
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы шарттар бастауыш сыныпта 
орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық

оқушылардың мектепте алған білімдерін 
өмірде тиімді қолдана білу қабілеті. Болашақта мамандығына,жасына 
қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастыру біздің 
міндетіміз.
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, 
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер 
қабылдау үшін жоғары кәсіптілік және интеллектуалдық әрекеттерді қажет 
ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. 
Осыған байланысты еліміздің білім алушыларының білім жетістіктерінің 
деңгейін анықтау үшін Қазақстан
PISA халықаралық зерттеуіне қатысып келеді.
PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалауды 
«математикалық сауаттылық», «жаратылыстану
-
ғылыми сауаттылығы» және 
«оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі. 
Функционалдық сауаттылықтың
құрамдас бөлігінің бірі 
-
оқушылардың 
математикалық сауаттылығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет