Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

вербалды, синтаксистік

семантикалық
деп үшке бөледі. Вербалды параметр – мәтінді құрушы 
нақты сөйлемдер, ал синтаксистік санат мәтін бөліктерінің өзара 
байланыстарын қарастырса, семантикалық параметр мәтіннің негізгі ойын 
білдіреді [42]. 
Мәтін теоретиктерінің бірі Н.Э. Энквист те мәтіндегі санаттардың үш 
түрін көрсетеді: 
тақырып (тема), фокус және байланыс,
яғни тақырып 
негізгі мазмұны болса, фокус - ондағы стильдік белгісі айқын сөз, сөз 
тіркестерінің, сөйлемдердің, стильдік тәсілдердің көрінісі, ал байланыс -
мәтіндегі бөліктерді өзара байланыстыратын амалдар [43]. 
Әрине, бұл аталған параметр-санаттардың әрқайсысы мәтіннің типіне 
қарай көрінеді және жүзеге асады да, мәтіннің мазмұнын (информация-
ақпар), мәнін (күрделі синтаксистік бірліктерде немесе сөйлемде берілетін 
ой), 
мағынасын 
(морфема, 
сөздер, 
сөз 
тіркестері, синтаксистік 
конструкциялар) ашады, яғни олар мәтіндегі имплицитті, эксплицитті ойды 
көрсетуге, ол ойларды байланыстыруға, мүшелеуге, актуалдандыруға, 
мәтіннің модальділігін анықтауға жәрдемдеседі.
Зерттеуші А.И. Новиков мәтінге қатысты толымдылық, бірізділік
байланыстылық, тиянақтылық сияқты санаттарды атайды [44]. Ал ресейлік 
тағы бір ғалым А.А. Леонтьев мәтіннің біртұтастығына назар аударады [45]. 
Сайып 
келгенде, 
бұлардың 
бәрі 
мәтіннің 
тұтастығы 
мен 
байланыстылығын қамтамасыз ететін санаттар, сондықтан да И.Р. Гальперин 
оларды 
мағыналық және формалды-құрылымдық
деп үлкен екі топқа 
біріктіреді де, «Формалды-құрылымдық санаттар мазмұндық сипатқа ие де, 
мазмұндық санаттар құрылымдық формалармен беріледі» деп, олардың бір-
бірімен өзара кірігіп, ұласып жататынын атап көрсетеді [17:5]. Ғалымның 
пікірі бойынша мәтінге тән санаттар: 
концептуалдылық, бірігу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет