1.4.6. Ақпарат жəне коммуникация
Ақпараттың (ақпарат етудің) жəне коммуникацияның қосалқы
функциясын қарастыру, қатынас феномені психологиялық əдебиетте
қалай түсінетіне жүгінуді талап етеді. Адамның басқа адамдармен
əлеуметтік қатынастары жүзеге асырылатын қоғам мүшелері ретінде
əрекеттестігінің айрықша нысанын қарым-қатынас дейтіні баршамызға
мəлім. Қарым-қатынас күрделі жəне көпаспектілі, ал зерттеушілер,
көбінесе, үш өзара байланысты тарапты бөліп қарастырады:
– адамдар арасында ақпаратпен алмасудағы коммуникативтік (не-
месе коммуникация) қатынас;
– адамдар арасында өзара əрекеттесуді ұйымдастаруда жасалатын,
алмасу тек ақпаратпен (білімдермен, ұғынымдармен, идеялармен) ғана
емес, сондай-ақ əрекеттермен болатын интерактивтік қатынас;
– адамдармен бірін-бірі қабылдау үдерісінен жəне осының негізінде
өзара түсінікті орнатудан тұратын перцептивтік қатынас.
В. И. Коробко [50] ұйымдағы коммуникацияларды ақпараттандыру-
ретке келтіру заңын білдіру тəсілдерінің бірі ретінде қарастырады.
Коммуникацияның мəні өте жоғары, өйткені олар ұйымда тіршілікті
қамтитын рөл атқарады, ал ұйым болса ақпаратпен тиімді алмасусыз
қызмет ете алмайды.
В. А. Якунин [120] оқыту үдерісімен басқаруды қарастыра отырып,
кез келген басқару жүйеге сырттан жəне іштен деструктивтік əсер ету-
ден туындайтын оның белгісіздігін азайтуға бағытталған жүйені рет-
ке келтіру үдерісі деп қарастырады. Ретке келтіру үдерісі, біріншіден,
жүйенің атқарушы органдарының еркіндік дəрежесін шектеумен жəне
оларды соңғы мақсатпен жəне берілген нəтижесімен сəйкес келтірумен
байланысты болады.
Қандай да болсын бір жүйенің шегінде, оның əр элементі
өздерінің ықтимал байланыстарында жəне басқа элементтермен өзара
əрекеттесуде еркіндік дəрежелерінің шексіз санымен сипатталады.
103
Сондықтан да жүйенің ұйымдастырылған жəне реттелген тəртібі
осындай əралуандылықтың шектеуін көздейді. Басқару мəні, автор
көрсеткендей, еркіндік дəрежелерінің көпшілігін алу, жою, шектеуде
жəне олардың ішінен біреуін, белгілі нақты жағдайда пайдалы нəтижені
алуға ең көп ықпал ететінді таңдауында болады.
Өз кезегінде, осындай реттеу, яғни еркіндіктің артық дəрежелерін
алу сыртқы орта жəне осы жүйеге ықпал ететін оның объектілері,
сондай-ақ берілген мақсаттарға жəне жалпы жоспарға сəйкес
жүйенің қызметін белгілі жағдайларда қамтамасыз ететін немесе
қамтамасыз етпейтін жүйенің ішкі жағдайлары туралы ақпаратсыз
өте алмайды. Ақпарат еркіндіктің артық дəрежелерін шектеуге, яғни
жүйенің үйымдастырылған тəртібіне əкелгендіктен, ол осы мағынада
басқарудың нақты факторы болады.
А. В. Соколов [95] шым-шытырық емес, мақсатқа лайықты
əлеуметтік коммуникацияда коммуниканттар мен реципиенттер сана-
лы түрде үш мақсатты көздейтінін көрсетеді:
– жаңа білімдер мен дағдылардың таралуын (коммуникант) немесе
қабылдауын (реципиент) көздейтін танымдық мақсатты;
– қозғаушы мақсатты, яғни басқа адамдарды қандай да болсын
əрекеттерге немесе қажетті ынталандыруды алуға дем беру;
– экспрессивтік мақсатты – белгілі күйзелістерді, эмоцияларды
білдіру немесе алу.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін коммуникациялық
хабарламалардың мазмұны келесілерден тұру керек: білімдер мен
дағдылар (коммуникант бір нəрсені біледі немесе істей алады жəне
осы тəжірибесімен басқа адамдармен бөлісе алады); ынталандырулар
(белсенділікке шақыратын жігерлі əсерлер); эмоциялар (коммуникантқа
эмоционалды түрде «сейілу», аяныштылық алу маңызды, ал реципи-
ент оң эмоциялар мен жан саясын іздейді). Рухани адам қызметінің
дəл осы өнімдерін біз мағыналар деп атаймыз. Автор көрсеткендей,
сөз əлеуметтік коммуникация туралы болғанда, əлеуметтік кеңістік
пен уақытта білімдердің, ептіліктердің, ынталандырулардың,
эмоциялардың қозғалысы жайлы болады. Жоғарыда аталған мақсаттар
білім беру жүйесімен басқаруда мəні бойынша ақпараттық үрдістер,
білім беру үрдістер болатын оқу мен тəрбие үрдістерінде, сондай-
ақ білім беру субъектілерімен (педагогтармен, білім алушылармен)
басқару үрдістерінде тікелей қызмет етеді.
Осының салдарынан, тиімді басқарушы əсер ету жəне əрекеттесу
менеджерімен, ақпаратпен өзара алмасу ретінде коммуникацияның
танымдық, түрткі болатын жəне экспрессивтік құрауыштарын дұрыс
құруында негізделген деп айтуға болады.
104
А. В. Соколов белгілегендей коммуникациялық түсінік үш нысана-
да болу мүмкін, олар басқарудың да əртүрлі аяларында көріну мүмкін:
– реципиент оған жаңа білімді алады; коммуникациялық түсінік
танымдық түсінікпен бірігеді жəне
Достарыңызбен бөлісу: |