101
б) проблеманың өзіне жəне ол пайда болған жағдайларға қатысты
барлық деректер мен материалдармен
неғұрлым толық танысыңыз;
в) дəлелділікті сақтаңыз, сіз үшін маңызды ақпаратты талдағанға
дейін соңғы қорытынды шығарудан тартыныңыз.
4-ереже. Дұрыс шешімді қабылдау үшін, соншалықты қажет
ақпаратқа ие болу керек. <...>
Басшының қажетті қабілеттіліктерінің бірі –
ең маңызды деректерді
айыра білу жəне ең сипатты немесе маңызды мезеттерінде өз назарын
тоқтата білу болады. Сонда келесі ұсынымдарды ұстаныңыз:
а) көптеген қалған деректерді ұғындыратын аз деректерді əрдайым
табуға тырысыңыз;
б) барлық жинақталған мəліметтерді маңыздылығының азаю
дəрежесі
бойынша қойыңыз;
в) сіздің шешімге негіз бола алатын бір маңызды жағдайды бөліп
қарауға тырысыңыз;
г) қарастырылатын іске тікелей қатысы бар мəліметтер топтарының
немесе санаттарының сипатты
ерекшеліктерін анықтаңыз;
д) қалыптасқан жағдайдың барлық элементтері арасында өзара
байланысты анықтаңыз.
Мəліметтерді жинау шексіздікке дейін жалғасуы мүмкін жəне
əдеттегіндей, ақпаратты əрі қарай жинауды тоқтатып, нүкте қою қажет.
Жақсы басшы əдетінше барлық мəліметтерді алудың еш мүмкіндігі жоқ
екендігін түсінеді. Демек қашан тоқтату керек екендігін шешу қажет.
5-ереже. Шешім қабылдар алдында басқалардан кеңес сұраңыз. <...>
6-ереже. Шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Шешім қабылдамау –
ол да шешім. <...>
7-ереже. Шешім қабылдаған соң, кезекті істерге кірісіңіз. <...>
Макаревич Л. М. // http://www.sunhome.ru/psychology/11966
1.4.5-бөлімге СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Сөздіктерден «шешім» түсінігін табыңыз. Осы терминнің əр-
түрлі түсініктерін салыстырыңыз.
2. Сіздің оқу қызметіңіздегі проблеманы анықтаңыз. Л. М. Мака-
ревичтің ұсынымдарының, сондай-ақ шешімді қабылдаудың негізгі
кезеңдері туралы мəліметтердің негізінде оны шешу бағдарламасын
əзірлеңіз.
3. Бірқатар дереккөздер шешімді қабылдау жəне
проблеманы
шешуді ажыратады. Осы екі үдерісте ненің жалпы жəне əртүрлі бо-
102
латынын анықтаңыз. Өз талдауыңыздың қорытындыларын төменде
ұсынылған кестеде көрсетіңіз.
Шешімді қабылдау Мəселелерді шешу
Əртүрлі Жалпы Əртүрлі
Достарыңызбен бөлісу: