коммуникациялық пайымдау
орын
алады
;
–
коммуникациялық қабылдаумен
шектеліп
,
хабарлама алған реци-
пиент оның терең мазмұнына жетпейді;
– реципиент хабарламаның үстіңгі мағынасын түсінбей-ақ, кейбір
сөздерді немесе сөйлемшелерді есінде сақтайды, қайталайды, көшіріп
жазады; сонда тек белгілердің материалдық сыртының қозғалысы бо-
лып, мазмұндарының жылжуы болмағандықтан,
жалған коммуника-
ция орын алады.
Менеджмент функцияларының өзара тығыз байланысы ақпарат
пен басқару үдерістеріндегі оларды жіберу (коммуникациялар)
механизмдерінің рөлімен негізделген.
Ақпарат мақсаттар жəне жоспарлау функцияларының негізі бо-
лады. П. К. Анохин бойынша [120а бойынша дəйексөз] кез келген
тəртіптік акт белгілі тəртіпті жасау аясында қажетті ақпараттың
қабылдануы жəне аналитикалық-синтетикалық өңдеуі жүргізілетін
ақпараттық (афференттік) синтездің кезеңін қамтиды. Осы ақпараттың
құрамына сондай-ақ басымды уəждеу туралы, субъект үшін ең маңызды
қажеттіліктер туралы ақпарат та енгізіледі. Бастапқы қажеттіліктер,
уəждеу жəне қойылған мақсаттар өздерінің таңдаулы, селективтік
рөлінің арқасында қызметтің бүкіл үдерісін жəне онымен басқаруын
анықтайды.
Ақпараттың негізінде əрекеттің орындалуына дейін алдыңғы нақты
əрекеттің ақпараттық үлгісі ретінде алғашқы, бар əрекеттің нақты
тəсілінің тандауы болатын шешімдер қабылданады.
Ақпаратпен өз кезегінде ұйымдастырушылық құрылымға күшей-
туші немесе əлсіретуші ықпал ететін коммуникациялар желісі
анықталады. Ақпаратсыз нəтижелердің бақылауы мен бағалауы,
сондай-ақ олардан кейін болатын жүйенің, жеке адамның немесе адам-
дар тобының тəртібін түзету мүмкін емес.
Мекемелерде оның ішінде, білім беру мекемелерінде де ақпараттық
ағыстарды жеткіліксіз сапалы ұйымдастыру жəне ақпаратты тапсыру
үрдістеріне мүлдем мəнсіз бір нəрсеге қарау сияқты оқиғалар жиі орын
алуда. Ұжымның жəне жеке қызметкерлердің əлсіз ақпараттандырылуы
формалды емес (өсек сөздер, өсектер жəне т.б.) ақпарат көлемдерінің
өсуіне, олардың пайда болу жəне таралу жылдамдығының артуына
əкеп соғады. Əсіресе, бұл, белгілі болғандай, əйел қызметкерлері көп
педагогикалық ұжымдарға тəн. Білім беру мекемесінің басшысының
105
қызметкерлерді жедел əрі үнемі ақпарат беріп отыруына, ұйымның
жұмысына қатысты мəліметтерді, онда болып жатқан өзгерістерді,
қабылданған шешімдерді жəне басқаларын уақытында жеткізуіне
немқұрайлықпен қарауы, коммуникацияның негізгі функцияла-
ры (танымдық, түрткі болатын, экспрессивтік) оның басқарушы іс-
əрекетерінен тыс стихиялық түрде жүргізілетініне əкеп соғады. Осы-
ның салдарынан мұндай менеджер өзі жөндеуге шамасы жетпейтін,
еңбек үдерісіне кері əсер ететін пайымдауларға, көзқарастарға, қарым-
қатынастарға душар болады. Егер менеджер ақпараттың құнды екенін
біле отырып, онымен тек өз сеніміне кірген мүшелерімен ғана бөліссе,
онда осындай жағдай туындайтыны белгілі. Қалғандары толық
мағлұмат ала алмай, басшының басқару əрекеттерін түсінбейді немесе
оның əрекеттеріне теріс ұғыммен қарайды немесе көбінесе олардың
еңбек уəждері мен құлшыныстарын бұзатын болжам мен жорамалдар
құрады. Сонымен, мүмкіндігінше мекеме жұмысының тиімділігіне
қандай да болсын əсер ететін коммуникациялардың барлық типтерін
ұйымдастыру немесе қадағалау – менеджердің негізгі міндеттерінің
бірі болуы керек.
Басқару теориясында коммуникациялардың келесі типологиясы
қабылданған:
– ұйым жəне сыртқы орта арасында;
– бөлімшелер арасында;
– бөлімшелер ішінде басқару жəне өндіріс деңгейлері бойынша;
– тұлғалар арасында, оның ішінде формалды емес тұрғыда.
Ұйым жəне сыртқы орта арасындағы коммуникативтік үдерістердің
кемшіліктері ұйымның бəсекеге қабілеттілігіне кері əсер етеді, оның
уақыт талабына жедел икемделуіне кедергі жасайды. Білім беру
мекемесінің ашықтығы, жұртшылықты өз қызметінің ерекшелігі,
қол жеткізілген нəтижелері, білім алушылар мен педагогтардың
жетістіктері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ оларға оқушылар,
талапкерлер, демеушілер үшін бəсекелес күресте табысты болуға
жол ашады. Қазір мектептердің, колледждердің, ЖОО-ның сайттары
осындай ақпараттандырудың соңғы құралдарының бірі болуда. Бірақ
олардың мазмұны, ақпаратты ұсыну нысаны, оны жаңарту жеделдігі
жəне басқа сипаттамаларымен танысу, сонымен бірге, басшылықпен
ақпарат жəне коммуникация функциясы құндылығы бойынша көп
жағдайларда бағаланбайтынын көрсетеді.
Бөлімшелер арасындағы жұмысқа қабілетсіз коммуникациялық
байланыстар уақыт пен күштердің тиімсіз шығындарына əкелетін
қызметтің қайталануына əкеп соғады. Жұмыс тəжірибесінде оқу-
тəрбие үдерісіне жетекшілік ететін директордың орынбасары өз
106
жұмыстарында қандай да бір мəселе туындаса, белсенділік таныта бас-
тайды: оны шешетін топ құрады, кеңестер өткізеді, тиімді шешімін
іздейді, оны дəлелдейді, құжаттар əзірледі жəне т. с.с. Ал бұл кезде осы
мектеп директорының басқа орынбасары да осы мəселе туралы жəне
оның қалалық немесе облыстық деңгейдегі əдістемелік органдардың
дайын шешімдерін біле отырып, өзінің əріптесінің не істеп жатқанын
білмеуі жəне мүлдем хабарсыз болуы мүмкін.
Басшының жəне қызметкерлердің хабардар болуы келесі себептер
бойынша үлкен мағынаға ие [103]:
– қызметкердің өзін бағалауы едəуір дəрежеде оның хабардар бо-
луына байланысты;
– алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталған қызметкерлердің
ойлау қызметі, егер олар шектеулер жəне тиісінше əрекет ететін
мүмкіндіктері жөнінде хабардар болған жағдайда ғана қозғау алуы
мүмкін;
– ақпарат алумен қызметкерлерде еңбекке деген дайындығы арта-
ды, яғни оның əрқайсысы осы əрекетте өзіне деген құрметті сезінеді;
– қызметкердің өзіне деген сенімділігі жəне еңбек өнімділігі
олардың əлеуметтік қамсыздандыру үдерісі жайлы қаншалықты хабар-
дар болуына байланысты;
– алдарына нақты мақсат қойылып, оған жету бойынша дəл
нұсқаулар берілгенде қызметкерлер тапсырманы сенімді орындай ала-
ды;
– бағынышты адамдар ақпаратты кеткен кезде ол жақсы
қабылданады.
Сонымен, ақпарат пен коммуникация функциясының орталық
міндеттерінің бірі – қызметкерлердің жəне басшылардың өздерінің
хабардар болуын жақсарту. Ақпаратпен қамтамасыз етілудің межелері
келесідей:
– ақпарат көлемі (толықтығы);
– оның қызметкер үшін, алға қойылған мақсатқа жету бойынша
қызметті жүзеге асыру үшін маңыздылығы;
– нақтылығы;
– сенімділігі;
– келіп түсетін ақпараттың өзектілігі, оның ішінде деркезділігі;
– пайдалану мүмкіншілігі жəне басқалары.
Білім сапасын арттыру, сөзсіз, білім беру мекемесіндегі, білім
берудің бүкіл жүйесінде ақпараттық ағыстарды ұйымдастырумен
байланысты. Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім
тұжырымдамасында ең маңызды проблемалардың қатарына басшылық
жүйесін жетілдіру, басқару, есеп беру жəне құралдар кіреді. Олар
107
нəтижелер, жұмсалған ресурстар [3], үлгерім, дағдылар, проблемалар-
ды шешу, командада жұмыс істеу, өзін-өзі оқыту жəне т.б. бойынша
қажетті ақпараттарды ұсынуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде педагогтарды олардың
əріптестерінің озық тəжірибесімен таныстыру туралы ақпарат беру
мəселесі тұр. Озық /инновациялық/ тəжірибенің таралуы қиын, себебі
ол инттелектуалдық сипатта болады жəне нақты педагогтың жеке
ерекшеліктерімен жəне практикалық тəжірибесімен тығыз байланыс-
ты болады. Көбінесе автордың да өзінің инновациясының иннұсқалық
мəнін бөле алмайды, ал «мен сияқты жаса» кеңінен таралған қағидат
педагогтардың жеке ерекшеліктері, білім алушылардың ерекшеліктері
айырмашылықтарының, педагогикалық жағдайлардың бірегейлігінің
арқасында жүзеге аспайды. Жиі жағдайда оқытудың кейбір
инновациялық тəсілдері жəне əдістерімен байланысты педагогтің
əрекеттері туралы ақпарат қабылданып игеріледі. Оқу-тəрбие үдерісінің
əртүрлі аспектілерін қамтитын жүйелі тəжірибе туралы ақпаратты тал-
дау, қабылдау жəне енгізу қиынырақ.
Қазіргі таңда педагогтарды ақпараттандыру, инновациялық
тəжірибені тарату жеке мекемемен қатар, білім беру жүйесінде де за-
манауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен
тиімді жүргізілуі мүмкін.
Қалалық білім бөлімінің жəне қалалық ресурстық орталықтың
біріккен межелерінің негізінде қызмет ететін Өскемен қаласының
білім беру порталында мұғалімдер мен оқушылар үшін білім беру
қызметтерінің кең спектрі, педагогтардың даярлауы мен қайта даярла-
уы, мұғалімдердің кəсіптілік байқаулары, ғылыми-тəжірибелік конфе-
ренциялары жəне т.б. жүзеге асырылады (Д Қосымшаны қараңыз). Пор-
тал жұмысының арқасында педагогтардың, басшылардың, əдістемелік
органдардың қызметкерлерінің кəсіпқойлық дайындығы жоғары тиімді
дəрежеде жүргізіледі. Осының нəтижесінде мектеп мұғаліміне, мектеп
менеджеріне əртүрлі көптеген кəсіби қызметтеріне қажетті пайдалы
ақпараттар беріледі.
Дəстүрлі қөзқарастардың жəне заманауи ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың оңтайландырыла бірігуі
синергетикалық əсерді қамтамасыз етеді. Мысалы, Өскемен
қаласының білім бөлімінің қалалық əдістемелік кабинеті жұмысын
жаңа бастаған мектептің оқу меңгерушісінің қала мектептерінің база-
сында тыңдаушылары үшін тəжірибелі оқу меңгерушілерімен əртүрлі
«нақты» əдістемелік іс-шараларды (педагогикалық жəне əдістемелік
кеңестер, əдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдердің шығармашылық
топтарының отырыстары жəне басқалар) өткізуін көздеген.
108
Білім беру мекемесі қызметінің тəжірибесіне ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу, оның алдына шешімін
талап ететін жаңа проблемаларды қояды. Білім беру мекемесінің
ақпараттық қауіпсіздігі, құпия ақпаратты сақтау (психологиялық
диагностикалардың деректері, бақылау-өлшеу рəсімдердің мəліметтері,
əртүрлі сипаттағы ақпарат жəне басқалар), оны білім беру үдерісінің
қатысушыларына қарсы пайдаланбау өте маңызды. Интернет
желісінде орналасқан педагогтардың көптеген авторлық əзірлемелері,
олардың дидиактикалық материалдары кез келген адамға қолжетімді
болғандықтан, зияткерлік меншікте авторлық құқықтардың сақталуын
қамтамасыз ету де маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |