тақырыптық жəне тұтас.
Бақылау
нысанының белгісі бойынша, яғни ол не нəрсеге бағытталуына қарай
мыналарды бөлуге болады:
– жеке бақылау, ол жеке педагогтың жұмысын талдау жəне жұмысын
бағалау үшін пайдаланылады;
– сыныптық-жалпылауыш бақылау, ол оқу əрекетінің табыстылы-
ғын жəне/немесе жеке сыныпты тəрбиелеу үдерісін зерттеу-
ге бағытталған. Мұнда осы сыныпта сабақ жүргізетін барлық пəн
педагогтарының жұмысы да бақылау пəні болады;
– пəндік-жалпылауыш бақылау жеке пəнді оқыту сапасын зерт-
теуге бағытталған. Бақылаудың бұл түрі бір сыныптағы, сыныптар
параллеліндегі, бүкіл мектептегі пəнді оқытуды қамтуы мүмкін;
– тақырыптық-жалпылауыш (тақырыптық) бақылау əртүрлі
мұғалімдердің, əртүрлі пəндер бойынша, əртүрлі сыныптардағы
85
жұмысын зерттеуі мүмкін. Мұндағы біріктіруші жағдай – өз шешімін
табуы қажет болатын қандай да болсын өзекті тақырып (мəселе). Мы-
салы, оқушылардың қабілеттерін дамыту, мектеп оқушыларының
танымдық уəждемелерін қалыптастыру, олардың өкілеттіктерін
қалыптастыру жəне т.с.с.
– кешендік-жалпылауыш бақылау бір немесе бірнеше сыныпта оқу
пəндерінің бірқатарын зерттеудің тиімділігін талдаумен байланысты
болуы мүмкін.
Бақылаудың осы түрлер тобын бөлуге Т. И. Шамова пайдалана-
тын белгі де жүзеге асыру ауқымымен байланысты сияқты. Бақылау
нысаны бойынша мектепте бағалауға бағытталған бақылаудың келесі
түрлерін бөліп көрсету қисынды болар еді:
– жаппай білім беру заңын орындау;
– пəндерді оқыту жағдайы;
– бейінді даярлау алдындағы жəне бейінді оқыту ұйымдары;
– оқушылардың кəсіптік бағдарлануы;
– оқушылардың тəрбиелік жəне даму деңгейі;
– мектеп құжаттамасын жүргізу;
– əдістемелік жұмыс;
– тəжірибе-эксперименттік/ғылыми-зерттеу жұмыстар;
– педагогикалық кадрлармен жұмыс, олардың кəсіпқойлығын
жетілдіру жəне т.б.
Пайдалану мерзімі бойынша бақылау ағымдағы, аралық
(шекаралық), қорытынды болуы мүмкін.
Білім беру ұйымының ішінде бақылауды осы ұйым басшысы, оның
орынбасарлары, тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге
асырады. Мектепте жəне ТжКБ мекемелерінде бұл – директор, олардың
орынбасарлары, мектеп əдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері,
пəндік-цикл комиссияларының төрағалары. Жоғары оқу мекемелерінде
– ректор, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері жəне т.б.
директорлардың, мектеп оқу ісінің меңгерушілерінің, ƏБ мен ПЦК
жетекшілерінің, жоғары оқу орындарының кафедра меңгерушілерінің
функцияларына педагогтар жүргізетін сабақтарға қатысу, одан кейін
алған ақпаратты талдау жəне ұсыныстар əзірлеу де енеді. Басшының
неше сабаққа қатысуға тиіс екендігіне қатысты қатал сандық норматив-
тер мұнда орынсыз. Бұл айтарлықтай мөлшерде білім беру мекемесінің
мақсаттарына, педагогтар санына, олардың кəсіпқойлық деңгейіне,
білім беру үдерісінің сапасына жəне т.б. байланысты.
Ұзақ уақыт бойы оқу-тəрбие үдерісінің жоғары сапасын көрсететін,
педагогикалық тəжірибесі мен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейі бар
педагогтар басқаша айтқанда, өзін-өзі бақылауға алуы мүмкін. Бұл
86
педагогтардың біліктілігі сондай, олар өздерінің кəсіптік қызметінде
кемшіліктерді өздері анықтап қана қоймай, сонымен қатар туындаған
мəселелерді шешу жолдарын да өздері таба алады. Бұдан басқа,
тəжірибе көрсеткендей, өзін-өзі бақылауға ауыстыру педагогтың
жауапкершілігін, өзіне деген талап қою деңгейін, кəсіптік қызмет сапа-
сына деген талаптарын арттырады. Г. Б. Скок [93] педагогтың өзін-өзі
бағалау мен қызметі туралы ақпараттың басқа дереккөздерімен үйлесу
қажеттілігін ашып көрсетеді, бұл дамыған педагогикалық рефлексия-
ны дəлелдейді. Атап айтқанда, ол педагогке өз қызметінде педагог қол
жеткізген соңғы нəтижеге; ол əзірлеген жəне енгізген əдістемелерге;
оқушылар мен олардың ата-аналарының пікірлеріне; əкімшілік пікірі
сияқты аспектілерге көңіл аударуды ұсынады
Бақылаудың тиімді түрі, сондай-ақ жақын бағыттарда жұмыс істей-
тін педагогтар (бір оқу пəнін жүргізетін, тəжірибелік-эксперименттік
жұмыстың сабақтас тақырыптарымен жұмыс атқаратын жəне т.с.с.)
жүзеге асыратын өзара бақылау да тиімді болып табылады.
Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру барысында пайдаланы-
латын əдістердің ауқымы өте кең: бұл психологиялық диагностика
əдістері, педагогикалық жəне əлеуметтік зерттеу əдістері, оқыту жəне
тəрбиелеу үдерісін дəстүрлі бақылау əдістері. Сол сияқты, білім беру
тəжірибесінде мектеп құжаттамасын, оқушылар əрекетінің өнімдерін
зерттеу, байқау, ауызша жəне жазбаша сұрау əдістері (əңгімелесу,
сауалнама), ауызша жəне жазбаша бақылаудың түрлі əдістері. Бұл
əдістерді пайдалану максималды дұрыс жəне объективті ақпарат алу-
ды кепілдік ететіндей ұйымдастырылуы тиіс, мысалы, əдістер жүйе
ішінде, кешенді түрде пайдалануы тиіс, бақылаудың мақсаттары мен
міндеттерін, бақылау жүргізілетін межелер мен көрсеткіштерді анық
айқындау қажет.
Аттестаттау бақылаудың маңызды құралы болып табыла-
ды. Оқушыға қатысты қарастырғанда, ол – оның алған білімінің
деңгейін анықтайтын қорытынды рəсім. Педагог қызметкерді аттес-
таттау – ол қызметкердің біліктілік деңгейінің талапқа сəйкестігін
анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің аттестат-
тауы жүргізіледі, оның барысында олармен ұсынылатын білім беру
қызметтерінің сапасы, іс-əрекеттерінің барлық жақтары сапасының
ішкі жəне сыртқы аудиті іске асырылады. Аттестаттау ең алдымен
сыртқы бақылау құралы болатынын айта кету қажет.
Мектепішілік бақылаудың қазіргі тəжірибесіне кейбір кемшіліктер
тəн. «Біріншіден, директор жəне оның орынбасарлары арасында бақы-
лау нысандарын бөлу болмаған кезде, бақылау тек есеп үшін ғана жəне
тексерілген сабақтардың санын жинау үшін ғана ұйымдастырылған
87
жағдайда бақылау жүйесінің жоқтығын көрсетеді. Екіншіден, бұл
бақылауды ұйымдастырудағы формализм, онда анық қойылған мақсат
жоқ..., бағалаудың объективті межелері жоқ немесе олар пайдала-
нылмайды. Үшіншіден, белгілі бір тарапты бақылау, педагогикалық
үдерістің бір бағдарын бақылау деп танитын мектепішілік бақылаудың
біржақтылығы. ... Төртіншіден, бақылауда тəжірибелі мұғалімдер,
əдіскерлердің қатысуынсыз тек лауазымдық тұлғалардың қатысуы не-
месе, керісінше, əкімшілік өкілдерінің аз қатысуы» [96, 227 б.]. Бұл
кемшіліктер оқушының білім алу барысын бақылауда да орын алады.
Бақылауды тек қорқыту құралы ретінде ғана қарастыруға бол-
майды, тіпті кемшіліктер анықталған жағдайда басшы тарапынан
педагогке, мұғалім тарапынан оқушыға қатысты жазалау емес, осы
сəйкессіздіктердің пайда болуына себепкер болған себептерді анықтау
жəне оларды жоюға бағытталған шаралар қабылдануы тиіс.
Бақылау, əсіресе, оны басқа адам (басшы, əріптес жəне басқалары)
жүргізгенде, шиелініс сипатында болуы мүмкін, сондықтан оны ойлас-
тырып ұйымдастыру қажет. Бақылау бүкіл педагогикалық ұжымға
жəне жеке педагогтарға түсінікті мақсаттарда, іс-əрекеті тексерілетін
адамдарға жеткізілген межелерде негізделуге тиіс. Бақылау үдерісте-
ріне жұмылдырылған барлық білім субъектілері бақылаудың бірінші
кезекте көмек көрсетуге, проблемаларды анықтауға жəне шешуіне
бағытталғанына сенімді болу керек. Осының нəтижесінде бақылауға
басқару функциясы ретінде бірқатар талаптар қойылуы мүмкін:
– бақылаудың басқа функцияларымен тығыз өзара байланыс (жос-
парлау, ұйымдастыру, уəждеме);
– педагогикалық қызметті, білім беру сапасын жетілдіруге
бағытталуы;
– бақылаудың барлық кезеңдерінің жариялығы;
– бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құрметтеу;
– педагогтарды бақылау құралдарын жобалауға, оны жүзеге асы-
руға жəне қорытынды шығаруға тарту;
– бақылау-бағалау рəсімдерін үнемі жетілдіру жəне т.б.
Бақылау функциясының өзіндік өзегі – білім беру мекемесінің
бұрынғы уақыт мерзіміндегі қызметі туралы деректерді анықтап, тал-
дау, бұл өз кезегінде, болжалдық көрсеткіштер мен одан əрі жұмысты
жоспарлауға негіз болады. Бұл аспектіде бақылау басқарудың қосымша
функциясы – ақпарат функциясымен тығыз байланысады. Ақпарат жи-
науды ұйымдастыра отырып, алдын ала қандай деректер бүкіл мекеме
жұмысын, жеке құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер жұмысын
басқаруда ең маңызды болып табылатын аспектіде сипаттайтын
деректерді анықтау қажет.
88
Сондай-ақ, анықталатын деректер дұрыс жəне сенімді болуы
өте маңызды. Бірінші кезекте бұл сандық жəне сапалық ақпараттың
үйлесуімен қамтамасыз етіледі. Ақпараттың негізгі көздері болып
статистикалық есептеудің түрлі үлгілері, білім беру мекемесінің ішкі
құжаттамасы, түрлі есептер, диагностикалық зерттеулер барысында
(сұраулар, психодиагностикалық тест өткізу, байқау, əрекет өнімдерін
зерттеу жəне т.б.) алынған эмпирикалық деректер болуы мүмкін.
Өкінішке орай, тəжірибе көрсеткендей, білім беру мекемесінің
іс-əрекетіне бақылау жүргізгенде, оны басшылары жəне/немесе
құрылымдық бөлімшелерінің басшылары аналитикалық есептердің
негізінде шығарылатын салыстырмалы көрсеткіштерді елемей, өз
көңілін көбінесе, абсолюттік көрсеткіштерге аударады. Мысалы, олим-
пиадалар (қалалық, облыстық, республикалық жəне т.б.) жеңімпаздары
болған мектеп оқушыларының саны мектептің дарынды оқушылармен
жұмыс жағдайы, ол мектептегі білім сапасы туралы ештеңе көрсетпейді.
Тек олимпиада жеңімпаздарының санын мектеп оқушыларының жал-
пы санына қатысын ашатын салыстырмалы көрсеткіштердің көмегімен
ғана мектеп қызметінің осы бағыттағы жұмысы туралы шынайы де-
ректер алуға болады. Салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалану білім
беру мекемесінің əртүрлі салалардағы жұмысының тиімділігін өзара
салыстыру, бірнеше білім беру мекемелердің жұмыс сапасының сипат-
тарын салыстыру мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік-қоғамдық басқару идеясын жүзеге асыруға байланыс-
ты білім беру мекемесі туралы білім беру үдерісінің субъектілерінің
(педагогтар, ата-аналар, оқушылар) пікірлерін талдауға байланыс-
ты ақпарат маңызды болып табылады. Бұл пікірлер балабақшаның,
мектептің, жоғары оқу орнының күшті жəне əлсіз жақтарын түсіну
үшін, қол жеткізген білім беру сапасын бағалау жəне даму келешегін
анықтау үшін де өте маңызды.
ҚР жоғары оқу орындарының қызметін елдің аккредитациялық
агенттіктерімен (ҚР ББМ Ұлттық аккредитациялық орталығы, білім
берудегі сапаны қамтамасыз ету бойынша тəуелсіз қазақстандық
агенттік) сырттай бағалау да, сөзсіз, оқу үдерісінің материалдық-
техникалық қамтамасыз етілуі, оқытушылардың сапалық құрамы,
олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелілігі туралы жəне
т.б. ақпарат жинауға негізделеді. Бірақ сапаны бақылау жүзеге асы-
рылатын дəстүрлі көрсеткіштермен қатар түлектердің даярлық сапа-
сы туралы жұмыс берушілердің пікірлері пайдаланылады, студенттер
арасында сауалнама жүргізіледі, кəсіпқой қауымдастықтар өкілдерінің
пікірлері жиналады.
Оқу үдерісін, оқушылардың оқу үдерісін басқарудағы бақылау өте
маңызды.
89
Білім беру ұйымдарының өкілеттіктеріне сол 43-бапта [1] ағымдағы
үлгерімді бақылау, оқушылардың білімін аралық жəне қорытынды ат-
тестаттау жатқызылады; бірыңғай ұлттық тест өткізу мен техникалық
жəне қызмет көрсету еңбегінің кəсіптер (мамандықтар) бойынша
біліктілік беру ғана айрықша ҚР БжҒМ құзіретіне енеді.
«Білім туралы» ҚР заңының «Оқу жəне тəрбие процесін
ұйымдастыру» 28-бабында білім беру ұйымында жүргізілетін оқу-
тəрбие барысын бақылаудың мəні ашылған:
«<...> білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағым-
дағы бақылауды жəне білім алушыларды аралық аттестаттауды жүзеге
асырады.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы
бақылауды жəне білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізудің
нысандарын, тəртібін жəне мерзімділігін таңдауда дербес болады.
<...> Негізгі орта, жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды
міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
<...> Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды жəне
оқуын бітіретін жалпы орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім
беретін ұйымдарға оқуға түсуге ниет білдірушілерді қорытынды аттес-
таттау ұлттық бірыңғай тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
<...> Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттес-
таттауды;
2) кəсіптік даярлығының деңгейін бағалауды жəне біліктілікті
беруді қамтиды».
Мұнда үдеріс деп түсінілетін жəне «баға» сөзіне синоним болатын
«бағалау» мен осы үдеріс нəтижесінің сандық айнасы болып табы-
латын, «белгі» түсінігі синонимі болатын «бағаны» айыру маңызды.
Бірақ білім беру тəжірибесінде бұл түсініктер мүшеленбей, синкретті
түрде пайдаланылады, бұл бақылау мəнін қате түсінуге əкелуі мүмкін.
Баға жіктеліміне оның келесі түрлері енеді [68]:
– оқушылардың жетістіктері мен белгіленген нормативті
салыстыруға негізделген жағдай бағасы;
– оқушының бүгінгі жəне бұған дейінгі қол жеткізген жетістіктерін
салыстыруды мегзейтін дамуды бағалау;
– көбінесе біліміндегі олқылықтарға назар аударатын шегеру бағасы;
– қалыптасқан білімдері, іскерлігі мен дағдыларын есепке алуға
бағдарланған жинақтаушы баға;
90
– оқушыда қазіргі уақытта бар білімдері, іскерлігі мен дағдыларын
есептейтін статикалық баға;
– оқушының білімдері, іскерлігі мен дағдыларының өзгеру
динамикасының сипатын ашатын динамикалық баға.
Оқу-тəрбиелеу үдерісінде оқушыларда өздік менеджменттің
құзіретіне енетін өзін-өзі бақылау жəне өзін-өзі бағалау іскерліктерін
қалыптастыру маңызды болып табылады.
Г. А. Цукерман [69] кіші сынып оқушыларында баламалы жəне
объективті өзін-өзі бағалау жəне бірін-бірі бағалау дағдыларын
қалыптастыру көзқарасын келтіреді. Сызғыштың көмегімен тақтада
салынған суреттерде балалар өз оқу əрекетінің табыстылығын,
орындалған тапсырма сапасын белгілеп, басқа оқушылардың жауап-
тарын да бағалайды. Бағалау осы үдерісті мұғалім мен оқушылардың
бірлесіп талқылауы арқылы жүреді. Талқылаудың нəтижесінде бала
өзіне-өзі берген бағасын талдап, басқаларының берген бағасына қарап,
оның баламалық деңгейін, əділдігін анықтай алуы керек. 7-суретте
оқушының өзін-өзі бағалау нəтижелері (сол жақ тік сызық) жəне
сыныптың басқа оқушылары оған берген бағалары (өзара баға беру)
көрсетілген. Осындай, көрнекі құралдың көмегімен оқушы қыз өзін-
өзі бағалауда төмен екендігін көреді, өйткені, басқа оқушылармен оң
жақ сызғышта таяқшалармен белгіленген оның жауабының бағалары
өзіне-өзі қойған бағалардан жоғары екеніне көз жеткізеді. Бүкіл сынып
болып жауап сапасын, баға негіздемелерін, сұрақтарға жауап беруді
талқылау («Өз оқуыңды қалай бағалайсың?», «Дашаның оқуын кім
дəл солай бағалайды?», «Неге бағамен келіспейсің?», «Неге сен өзіңді
сондай төмен бағаладың?», «Неге сондай үлкен айырмашылық пайда
болды?») оқушыларға білім, іскерлік пен дағдыларды бақылау құралы
ретінде, өз оқу қызметін басқару функциясы ретінде бағалаудың
межелерін, негізгі тəсілдерін түсініп, меңгеруге көмектеседі.
7-сурет. Оқушылардың өзін-өзі бағалау жəне өзара бағалау сызбасы
|