82
дамыған. Бірақ оларда қол жеткізу уəждемесі нашар дамыған, қайта
олар сəтсіздіктерден қашқақтауға тырысады.
5. Ішкі уəждеменің бесінші типі туралы В. И. Герчиков əдетте
өкінішпен жəне аяушылықпен айтатын. Бұл типті ол «люмпендік» деп
атайтын. Бұл жоғарыда
аталғандардың барлығы маңызсыз, «күн өтсе
болды» ұстанымы бойынша өмір сүретін адамдар. Олардың өзін-өзі
бағалау деңгейі біршама төмен, олар жұмыстағы жетістіктер, карьера,
маңындағы адамдардың танымалдығы қол жеткісіз екен деп түсінеді.
Бұл адамдар орындаудың төменгі деңгейінде жұмыс істейді, олар істі
ең төмен мөлшерде беріліп орындайды.
Пригожин А. Н. Открытие Герчикова //http://niscu.ru/?
lvl1 = konsul&lvl2 = manual&curr = 13
1.4.3-бөліміне СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. А. Маслоудың «қажеттіліктер пирамидасына» сүйене отырып,
адамның қажеттіліктерін ол жұмыс істейтін мекеме басшылығы қалай
қанағаттандыруы мүмкін екендігін ойластырыңыз.
2. Уəждеу теорияларының бірін таңдап, зерттеңіз. Осы теорияға
негізгі ретінде бағдарланатын басшы уəж функциясын қалай жүзеге
асыратынын сипаттаңыз.
3. «Қызметкерлерді басқару» оқулығында
(http://dps.smrtlc.ru/Od_PM/
Od_0.htm
) қызметкерлерді материалдық ынталандырудың жеті жалпы
ережесі берілген:
І. Ынталандыру жүйесі қарапайым жəне əр қызметкерге түсінікті
болуға тиіс.
ІІ. Ынталандыру жүйесі икемді болып, жұмыстағы əрбір
жағымды
нəтижеге орай əрекет етуі тиіс.
ІІІ. Сыйақы мөлшерлері экономикалық жəне психологиялық
тұрғыдан негізделу керек (көбірек бірақ сирек; азырақ, бірақ жиірек).
ІV. Қызметкерлерді ынталандыруды əрбір қызметкерге дұрыс бо-
лып көрінетін көрсеткіштер бойынша ұйымдастыру маңызды.
V. Ынталандыру жүйесі қызметкерлерде материалдық сияпаттар
əділдігі сезімін қалыптастыруы тиіс.
VI. Бұл жүйе қызметкерлердің тек өз жұмысы ретінде ғана емес,
сонымен қатар, басқа қызметкерлермен «іскерлік байланыстардың»
табыстылығына қызығушылығын арттыруға себепкер болуы қажет.
VII. Материалдық ынталандыру жүйесінде
қызметкер өз жұмысы-
ның нəтижелері жəне фирма қызметінің арасындағы өзара анық байла-
83
нысты көріп, қызметкерлердің қателіктері мен əрқайсысының табыста-
ры неге əкеліп соғуын көрулері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: