Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент

1.4.2-бөлімге ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Отрядтар жүйесі көктемге қарай əбден шешіліп болды. Отрядтар-
ды кішкене топтарға бөлінгенде, ондағы колонистерді шеберханаларға 
бекіту идеясы жүзеге асырылды. Есімде бар – етікшілер – бірінші 


70
номер, ұсташылар – алтыншы номер, атшылар – екінші номер, 
шошқашылар – оныншы номерлер тағып жүретін. Бізде, алғашында, 
тəртіп жөнінде ешқандай ережелер болған жоқ. Командирлерді 
өзім тағайындайтынмын. Жазғы уақытта командирлер мəжілісін 
жиі-жиі өткізіп отырдым. Бұл мəжілістерге балалар «командирлер 
кеңесі» деген ат қойды. Командирлер кеңесіне салмайынша мен ірі 
мəселелерді өз бетіммен шешпеуге тез əдеттендім. Командирлерді 
тағайындау мəселесі бірте-бірте Кеңестің шешіміне салынатын бол-
ды. Сөйтіп командирлерді кооптация арқылы тағайындайтын болды. 
Командирлерді сайлау, көптің алдында есебін тыңдау бірден бола 
қойған жоқ. Мен бұл сайлану жұмысын бұрын да, қазір де табыс деп 
есептемеймін. <...>
Ең маңызды тəртіптің бірі – командирлерді ерекше алаламай бəрін 
бірдей ұстау болды. Командирлердің қайсысына болмасын еш уақытта 
артық еш нəрсе берілмейтін, жұмыстан да босатылмайтын.
Жиырма үшінші жылдың көктемінде отрядтар системасын 
күрделендірудің ең шешуші кезеңіне түстік. Он үш жылғы тарихымыз-
да бұл жаңалық, шынын айтқанда, бұрын болмаған өзгешелік еді. Осы 
жағдайдың өзі біздің коллективтің нағыз, мықты ұйымдасқан коллек-
тив болуына мүмкіншілік берді. Біздің коллективте жұмыс жөнінен де, 
ұйымдастыру жөнінен де, жалпы жиналыстардың демократияшылдық 
тəртіптері, бұйрық пен жолдастарының бір-біріне бағыну жайы мықты 
болатын. 
Біздің коллективтің жаңалығы – құрама отрядтар болды. <...> 
Құрама отрядтардың өріс алуына себеп болғаны - біздің негізгі 
жұмысымыз ауылшаруашылық жұмыстары болуы еді. Біздің жетпіс 
дестедей жеріміз болатын, сондықтан жазда Шере адамдарымыздың 
тегіс жұмысқа шығуын талап ететін. Бірақ əрбір колонист шеберханаға 
бекітілгендіктен оны тастап кеткісі келмейтін. Ауыл шаруашылығына 
олар тек өмір сүруге, ал шеберхананы мамандығымыз деп санай-
тын, Қыстыгүні ауылшаруашылық жұмыстары біраз тыйылған кезде, 
шеберханалардың бəрі толып, қаңтар айынан бастап Шере колонистерді 
парник, тыңайтқыш тасу жұмысына шығаратын, сонан соң күн сайын 
өзінің талабын арттыра беретін...
Ұйымдастыру жұмысының қажеттілігіне сəйкес біз құрама отряд-
тарды кұру қажет деген пікірге келдік.
Құрама отряд дегеннің өзі уақытша нəрсе болушы еді. Олар бір 
жұма бойына қысқа тапсырма алатын отряд болатын: далада мынадай 
жердің картобын арам шөптен тазарту, сонша жерді айдау, бірнеше 
центнер тұқым қорын тазарту, тыңайтқыштарды далаға апару, не бол-
маса егін егу деген сияқты тапсырмалар берілетін.


71
Əр жұмыстың саласы колонистердің əртүрлі тобын тілейтін. Кейбір 
құрама отрядтарға екі, кейбіреулеріне бес, сегіз тіпті жиырма адамға 
дейін жіберуге тура келіп қалатын уақыттар болып жүрді. Құрама 
отрядтардың жұмысы уақыт жөнінен айрылатын. <...>
Бұның бəрі жұмыс жағдайынан, уақыттың көптігінен, біздің 
отрядтарымыздың өзгешелігінен шыққан жағдай еді. Біздің құрама 
тізбектеріміз темір жолдың жұмысындағы тəртіпті көзге елестеткен-
дей болды. <...>
Құрама отрядтар үшін қойылған əріптердің өзі олардың қандай 
жұмыстарда істейтінін анық түсіндіретін еді. Мысалы, үшінші құрама 
«О» ертеңгі сегізден түскі тамаққа дейін, одан күндізгі төртке дейін 
міндетті түрде огородқа, үшінші «Б» бақшада, үшінші «Ж» жөндеу 
жұмысында, үшінші «П» парникте істейтін; ал, бірінші құрама ертеңгі 
сағат алтыдан он екіге дейін жұмыс істеп, екінші құрама сағат он екіден 
кешкі алтыға дейін жұмыс істеуші еді

Құрама отрядтардың жұмысқа 
бөліну саны кешікпей-ақ он үшке жетті.
Құрама отрядтар өне бойы жұмыс істейтін құрамалар болды. 
Жұмыстарын бітіріп, колонияға қайтқаннан кейін құрама отрядтар та-
рап кетуші еді.
Əрбір колонист өзінің тұрақты отрядын жəне тұрақты командирін 
білетін. Олар шеберханаларда да, жатақханаларда да, асханада да 
өздерінің орнын білетін еді. Тұрақты отряд колонистердің баста-
уыш ұжымы деген сөз, оның командирі міндетті түрде командирлер 
кеңесінің мүшесі болады. Көктемнің жаз айларына жақындаған са-
йын колонистер жұмыс істеуге қосылып, əр тарапта қызмет істейтін 
құрама отрядтарға кіретін еді. Олардың біреуі құрама отрядтардың 
командирі болып тағайындалатын. Сол отрядтардың жұмыс істеу 
тəртібін басқарып жəне сол үшін жауап беруші еді. Бірақ жұмыс күні 
аяқталғаннан кейін-ақ құрама отрядтар тарап кететін. <...>
Қолынан іс келмейтін колонистерден басқа адамдардың бəріне де 
тапсырма беріп құрама отрядтың командирі тағайындалады. Командир-
лер кеңесі қолынан келгенше дұрыс жүргізіп отыратын. Бұндай тəртіп 
дұрыс еді. Өйткені құрама отрядтарға басшылық ету зор жауапкершілік 
пен қамкорлықты тілейтін. Осындай жүйенің арқасында колонистердің 
көпшілігі тек қана қара жұмысқа қатысып қоймай, ұйымдастыру 
жұмысына да араласатын болды. 
Құрама отрядтар жүйесі колонияның өмірін мүлдем өзгертіп, 
жандандырып жіберді. Ұйымдастыру жұмысы мен қара жұмыстың, 
басқару мен бағыну жұмыстарын, ұжымның ісі мен əр адамның жеке 
басының мүддесін ұштастырып əкетті.
Макаренко А. С. Ұстаздық дастан. 
М.: Балалар əдебиеті, 1986, 183-186 б.


72
1.4.2-тармаққа СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Осы тарауда келтірілген ұйымдастырудың əдістері мектеп 
мұғалімінің (ЖОО оқытушысының, білім беру мекемесі басшысының 
жəне басқалардың) қызметінде қалай қолданылу мүмкін?
2. Қосымша материалда А. С. Макаренконың отрядтар жүйесінің 
сипаттауымен танысыңыз. 
3. Колониямен басқаруда қандай ұйымдастырушы құрылымдар 
жүзеге асырылғанын анықтаңыз. Өз ұстанымыңыздың дəлелдерін 
келтіріңіз. 
4. Ұйымдастырушылық құрылымдардың типтерімен неғұрлым 
толық танысыңыз. Олардың мықты жəне əлсіз жақтарын анықтаңыз.
5. Сіздің пікіріңіз бойынша, қандай ұйымдастырушылық 
құрылымдар орта жалпы білім беру мектебінде таратылған? Жоғары 
оқу орнында ше?
6. Педагогикалық кеңес жөнінде ережені зерделеңіз (В 
ҚОСЫМШАСЫ), оның мақсаттары мен міндеттерін анықтаңыз, олар-
ды мектепті ұжымдық басқарудың басқа түрлерімен салыстырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет