Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет23/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент

1.4.2. Ұйымдастыру
Менеджментте ұйымдастыру қызметі келесі мəндерде болады:
1) ұйым мүшелері арасында оның құрылым (өкілеттіліктердің өзара 
қатынасы) шегінде өзара қатынастарын орнату ретінде, көзделген 
жоспарды жүзеге асыру, қойылған мақсатқа жету бойынша мектеп 
басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару ор-
гандары мен басқалардың қызметін реттеу ретінде. Функцияның осы 
тарапына қатысты кейбір жағдайларда «ұйымдастырушылық жасау» 
терминін қолданады.
2) ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыру ретінде, яғни 
мақсаттары мен стратегиясына сəйкес ұйымды бөлімшелерге бөлу. 
Ұйым функциясының осы аспектісін жиі департаменттендіру деп 
атайды.
Бірінші мағынада ұйымдастыру қызметі мұғалімдер, балалар, 
ата-аналар, қоғамдық өкілдер сияқты нақты адамдар атқаратын 
жоспарланған əрекеттерді атқаруға бағытталған. Сондықтан кез кел-
ген істі ұйымдастыру кезінде, оны адами факторының мүмкіншіліктері 
қалай қолданылады жəне жүзеге асырылады деген көзқарас жағынан 
қарастыру маңызды. Ұйымдастырушы атқарушыларды алдын ала 
іріктеу, олардың жұмыс орындары, уақыт бойынша, ұжымдық іске кіру 
кезектігі бойынша бөлу сияқты сұрақтарды шешеді. Алдағы қызметтің 


61
мазмұнының түрлері мен əдістерін іріктегенде, оларды нақты 
жағдайлармен жəне атқарушылардың мүмкіндіктерімен сəйкес келтіру 
керек [94]. Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебінен бастап, басқаруға 
деген əртүрлі көзқарастардың негізгі идеялары қызметкерлердің 
жəне еңбек ұжымдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге 
бағытталуына назар аудару қажет («Менеджменттің ғылыми теория 
ретінде қалыптасуы» тарауын қараңыз).
Ұйымдастырудың əдістері бір-бірінен сипаты, əрекет ету жəне 
өзара байланыс тəсілдері бойынша ерекшеленеді: 
– əкімшілік (ұйымдастырушылық-өкімдік), 
– экономикалық, 
– əлеуметтік-психологиялық болып келесі топтарға бөлінеді
Əкімшілік əдістер – бұл тікелей ықпал ету əдістері жəне билік, 
мəжбүрлеу, жауапкершілік, тəртіп сияқты əлеуметтік механизмдерге 
негізделеді. Осы əдістерде құрастырылған өзара əрекеттесу директив-
тік, міндетті сипатта болады. Екінші, ұйымдастырушылық-өкімдік əдіс-
тер – синонимиялық термин, оларды 2 топқа бөлуге мүмкіндік береді. 
Ұйымдастырушылық əдістердің қатарына ұйымдастырушылық 
жобалауды, регламенттеуді, нормалауды жатқызады. Ұйымдастырушы-
лық регламенттеудің мəні мекеме қызметінің мазмұнын жəне тəртібін 
анықтайтын ережелердің (білім беру мекемесінің жарлығы, ережелер, 
нұсқаулар, құжаттық рəсімдер, есеп ережелері жəне т.б.) əзірлеуін 
жəне құжаттық рəсімделуін көздейді. Бұл əдістердің, көбінесе, мүмкін 
типтік жағдайға бағдарланғандықтан болар өзіндік сипаты жоқ жəне 
осы əдістердің жүзеге асырылуына ықпал ететін құжаттарда уақыттық 
байламның жоқтығы олардың ерекшеліктеріне жатады (В Қосымшасын 
қараңыз: «Педагогикалық кеңес қызметінің типтік ережелері…»).
Ұйымдастырушылық нормалауға нормалар мен мекеменің қызмет 
үдерістерінің нормативтері жатады.
Ұйымдастырушылық əдістер, əдетте, өкімдік əдістер үшін негіз бо-
лады. Өкімдік əдістер көбінесе орын алып жатқан нақты жағдайларда 
қолданылады. Бұл əдістер – бұйрық, қаулы, өкім, нұсқаулық жəне 
басқалары – нақты атқарушылардың жəне əрекет мерзімдерін көрсетуін 
көздейді.
Экономикалық əдістер басшылардың қызметкерлерге экономи-
калық механизмдер (қаржыландыру жəне кредиттеу, еңбекақы, 
сыйақылар жəне т.б.) көмегімен ықпал ету тəсілдері ретінде 
қарастырылады. Орындаушыларға шығындар мен нəтижелерді нақты 
салыстыру көмегімен əсер етудің əдістері мен тəсілдерінің осы жүйесі, 
қызметкерлерді материалдық ынталандыруына негізделетін қызметіне 
оң, нығайтушы əсер етулерді енгізу мүмкін. Сонымен бірге, басшы кері 


62
ықпал етуді қолдану қажет болғанда, əртүрлі материалдық санкциялар 
қолдануы мүмкін (айыппұлдар, сыйақы төлемдерін жою, қызметкерді 
төмен лауазымға ауыстыру жəне т.б.). Ұйымның экономикалық əдістері 
атқарушы қызметінің нəтижелерімен барынша байланысты болуға 
тиіс, оған өз еңбегінің сипаты, қол жеткізілген нəтижелер жəне еңбекті 
ұйымдастырудың қолданылған тəсілдерінің арасындағы тəуелділіктер 
түсінікті болу керек. 
Басқарудың əлеуметтік-психологиялық əдістері басшылар мен 
қызметкерлердің, өздерінің арасындағы əлеуметтік қатынастарды 
пайдалануды жəне өзгертуді көздейді. Əдістердің осы тобына нанды-
ру, сендіру, жеке өнеге, тұлғалар арасындағы жəне топ арасындағы 
қатынастарды реттеу, ұжымда моральдық климатты құру жəне ұстап 
тұру əдістері енеді.
Ұйымдастыру əдістерінің осы топтарының арасында іс жүзінде 
əрдайым нақты шекараны өткізу мүмкін емес. Мысалы, қандай да 
болсын қызметкердің лауазымын өсіру жөніндегі бұйрық белгілі 
экономикалық əдістермен (еңбекақысын жоғарылату) жəне, бəлкім, 
тұлға арасындағы жəне топ арасындағы қатынастардың өзгеруімен 
байланысты. Осы мысал менеджмент функцияларының жəне соған сай 
əдістердің арасындағы шекаралардың шарттылығын да əшкерелейді, 
өйткені осында ұйым функцияларының жүзеге асырылуымен қатар, 
уəждеу функцияларының да жүзеге асырылуын көруге болады.
Басқарушы қызметін тиімді жүргізуге талпынған басшы өзінің 
ұйымдастыру əдістерінің «арсеналын» үнемі кеңейтеумен қатар, олар-
ды икемді, жағдайға жəне қызметкерлердің ерекшеліктеріне байланыс-
ты қолдана білуге тиіс. 
Ұйымдастыру функциясы білім беру мекемесінің басшыларының 
ғана емес, сонымен қатар педагогтардың да қызметтерінде едəуір орын 
алуда. Олар оқушылар қызметінің əр түрлерін дұрыс ұйымдастырғанда 
ғана мектеп пен жоспарлау кезеңінде мұғалімнің өздері алға қойған 
мақсаттарға жетуге болады. Осы функция педагогтың бүкіл қызметінде 
орын алуы керек. Ұйымдастырушылық шешімдер мақсаттардың 
жүзеге асырылуымен, оқу-танымдық жұмыстың мазмұнын, түрлерін, 
оқу əдістері мен тəсілдерін, дидактикалық құралдарын теңбе-тең 
іріктеуімен байланысты.
Мұғалімнің оқу-тəрбие барысының менеджері ретіндегі кəсіптілігі 
ол игерген білім беру технологияларының спектрі қаншалықты кең 
екеніне, оқытатын оқу пəнінде оның білімдарлығының дəрежесіне, 
əріптестерімен, оқушылармен жəне олардың ата-аналарымен қатынаста 
тұлғааралық өзара əрекеттесудің қандай əдістері мен тəсілдерін тиімді 
пайдалануына байланысты. Осының салдарынан, педагогтың қойылған 


63
мақсаттарға жету қабілеттілігі, ол осы мақсаттарды қаншалықты опе-
рациялар бойынша қалыптастырып жазғанымен қатар, оқушылар 
ұжымын, олардың қызметін қаншалықты ұйымдастыруына байланыс-
ты болады. Ұйымдастыруды екінші мағынасында (яғни, құрылымдығы 
реттелген мекеме ретінде) қарастырғанда, жүйеге жəне қосымша 
бөлімшелердің арақатынасына, басқару иерархиясына, басқарушы 
қызметтің қолданылатын ұйымдастыру нысаналарына назар ауда-
ру маңызды. Ұйымдастырушылық құрылымдар типтерінің жіктелуі 
əртүрлі, бірақ көп жағдайда екі негізгі типін анықтайды (2-суретті 
қараңыз): 
– бюрократтық, 
– адаптивтік (органикалық) құрылымдар. 
Бюрократтық құрылымдар басқаруды орталықтандырудың жоғары 
дəрежесімен, дамыған иерархиямен, қызметтің ережелер мен нор-
малар жəне ұжымдағы қарым-қатынастар жүйесімен ерекшеленеді. 
Бюрократтық құрылымдарға функционалдық, дивизионалдық жəне 
басқалары жатады. 
Адаптивтік құрылымдар (жəне ең бастысы, – жобалаулық жəне 
матрицалық) неғұрлым икемді, оларға аз иерархияландыру тəн. 
Адаптивтік құрылымдардың икемділігі олардың менеджменттің қазіргі 
теориясы мен тəжірибесіндегі талап етілуін негіздеді.
2-сурет. Ұйымдастырушы құрылымдарының типтері
Ұйымдастырушы 
құрылымдардың
типтері (ҰҚ)
Бюрократтық ҰҚ
Адаптивтік 
(органикалық) ҰҚ
Функционалдық
ҰҚ
Жобалық ҰҚ
Дивизионалдық 
ҰҚ
Матрицалық
ҰҚ


64
Функционалдық құрылым мекеменің (кəсіпорынның) атқарылатын 
өндірістік қызметтеріне сəйкес (3-сурет) белгілі учаскелерге бөлінуін 
көздейді. Əр учаскеде (бөлімде, бөлімшеде) өзінің жетекшісі жəне 
атқарушылар (мамандар) ұжымы бар. Мекеменің толыққанды қызмет 
ету барысында əр учаске өз функцияларын атқарса, жалпы мəселелерді 
шешуде əртүрлі қызметтер арасында жиі қарым-қатынас қажеттілігі 
туындамаса бұл құрылым тиімді болады.
3-сурет. Функционалдық ұйымдастырушылық құрылым
Дивизионалдық құрылым (4-сурет) өз күштері мен ресурстарын ша-
шыратпай, белгілі бағыттарда жұмылдыру қажет болғанда, ірі компа-
нияларда (фирмаларда) қолданылады. Дивизионалдық құрылымдар осы 
компанияларда шектелуіне байланысты құрылуы мүмкін, мысалы:
– өндірілетін тауарларда жəне/немесе көрсетілетін қызметтерде;
– тұтынушылар топтарында; 
– өз тауарларын жіберетін немесе қызметтерін көрсететін өңірлер-
дің ерекшеліктерінде жəне басқалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет