52
Жоспарлауды бірнеше межелер бойынша жіктеуге болады,
нақтылап айтқанда:
– қамту дəрежесі бойынша (жалпы жəне бөлек),
– қызмет ауқымы бойынша (стратегиялық;
тактикалық, жедел),
– қызмет ету салалары бойынша (мектепке қатысты – жалпы
біліммен қамту, тəрбие жұмысы, əдістемелік жұмыс жəне басқалары
бойынша жұмысты жоспарлау),
– мерзімдер бойынша (қысқа-, орта-, ұзақ мерзімді),
– нұсқаулылық дəрежесі бойынша (барлық əрекеттер мен іс-шара-
лар көрсетілетін қатаң жоспарлау; ойламаған жағдайлардың пайда болу
мүмкіндігіне жəне олардың негізінде жоспардың жедел түзетілуіне жол
берілетін икемді жоспарлау).
2-кестеде қызмет ауқымы бойынша жоспарлау түрлерінің салыс-
тырмалы талдауын жүргіземіз.
2-кесте. Жоспарлау түрлері
Негізгі
белгілері
Жоспарлау түрлері
Стратегиялық
Тактикалық
Жедел
Жоспарлау
мақсаты
Ұйым міндетін
жүзеге асыру
Ұйым қызметін
жетілдіру
Компания
қызметінің
беріктілігі
Жоспарлау
субъектілері
Басқарудың
жоғары
деңгейінің
менеджерлері
Топ-
менеджерлері
Басқарудың
орта деңгейінің
менеджерлері
Басқарудың
төменгі
деңгейінің
менеджерлері
Жоспарлау
мерзімдері
Ұзақ мерзімді
Орташа мерзімді
Қысқа
мерзімді
Қамту
Нұсқалардың
кең спектрі
Нұсқалардың
шектеулі
спектрі
1 нұсқа немесе
балама
Ескерілетін фак-
торлар
Сыртқы ортаның
жаһандық
өзгерістері
(экономика-
лық, саяси жəне
басқа)
Басқа
ұйымдармен
өзара əрекеттесу
Ұйымның
əлеуеті
Менеджменттің осы функциясын жүзеге асырғанда мыналарды
нақты анықтау қажет:
0 жоспарлау объектісін (не жоспарланады),
53
– жоспарлау субъектісін (кім жоспарлайды),
– жоспарлау кезеңін (қандай мерзімге),
– жоспарлау əдістемесін (қалай жоспарлау),
– жоспарларды келісу (қандай, кіммен жəне қандай шарттарда).
Жоспарлау кезінде жиі пайда болатын мынадай проблемалардың
бірқатарын шешу қажет болады:
– дамудың тиімді нұсқаларын таңдаудың белгісіздігі, осы
нұсқаларды іріктеуде уақытша жəне
ресурстық шектеулер;
– бастапқы жағдайдың талдауының күрделілігі, еңсеруіне жоспар-
ланатын қызмет бағытталған бар проблемалардың нақтылауы мен
құрылымдауының жеткіліксіздігі;
– соңғы жағдайды (жоспарланатын нəтижені) елестету, даму сипа-
тын
болжаудың қиыншылығы;
– білім үдерісінің барлық қатысушыларының қажеттіліктерін есеп-
теу жəне басқалары.
Заманауи білім беру мекемесінде жүргізіліп жатқан жоспарлау
міндеттің, стратегияның, саясаттың анықтауы мен тұжырымдамасын
көздейді. Жоспарлаудың осы элементтері білім беру ұйымында
сапа менеджмент жүйесін
құрғанда, сапамен басқару үдерістерін
қалыптастыруда маңызды болады.
Мектеп қызметінде жоспарлардың келешек, жылдық жəне ағым-
дағы жоспарлар сияқты негізгі түрлері бар. Стратегиялық, жедел жəне
тактикалық жоспарлаудың саналы қиылысуы - білім беру мекемесі
жұмысының тиімділігінің маңызды факторы. Бұл жағдайда стратегия
мекеменің жəне оның қызметкерлерінің нақты қызметін көрсететін
қысқа мерзімді жоспарларымен бекітіледі.
Өз кезегінде, тактикалық
жоспарлар нақты басқарушы əрекеттерді белгілейді.
Келешек жоспары, əдеттегіше, соңғы жылдардағы мектеп
жұмысына терең талдаудың, қоғамның, білім беру жүйесінің даму
беталыстарының негізінде бес жылға əзірленеді.
Жылдық жоспар, жазғы демалысты қосқанда, бүкіл
оқу жы-
лын қамтиды. С. М. Курганский [53] жылдық жоспарды дайындау
алгоритмінде келесі кезеңдерді анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: