Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет16/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент

1- ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Сонымен, 30-жылдары бізде не болды? Дүниежүзі бойынша біз 
инженерлерді дайындау жөнінде бірінші орынға тез арада шықтық. 
Бізде өте мықты база болды. Мəскеу жоғары техникалық училищесі 
(кезінде императорлық, ал содан кейін Бауман атындағы) білім беруді 


41
құру, дайындау сапасы жағынан ... дүниежүзілік көрмелерде бірінші 
орын алатын. Оның көпшілікке таныл, беделі кереметтей зор болғаны 
соншалық, мысалы, Германияның зауыттарында Мəскеу жоғары 
техникалық училищесінің түлегі тексерусіз лауазымды қызмет жəне 
жоғары ақы алатын. Сондықтан да МЖТУ-нің «кадрлар ұстаханасының» 
болғаны табиғи, одан əрдайым жаңа жоғары оқу орындары «өсе» бас-
тап, авиациялық, энергетикалық, сəулет жəне басқа оқу орны болып 
бөлшектенді. Инженерлердің дайындығы жүргізілді.<...>
Сонымен бірге, іріктеу жүргізілді. Ол, шынында, технологиялық 
шекараны ескерген жоқ, себебі адамдарды бір саладан мүлдем басқа 
салаға еркін ауыстыратын. Сондықтан да кəсіптілік жиі өз саласынан 
тыс жұмыс атқарды. Бірақ ұйымдастырушылар мен басшылардың 
кəсіби дайындығы болған емес.
Осылайша 60-жылдардың басында Н. С. Хрущев Америкаға 
барғанға дейін жалғасты, ол сонда ұйымдастырушы-менеджерлер 
жəне басшылар үшін көптеген арнайы академиялар, менеджерлік 
немесе ұйымдастырушылық-басқарушы қозғалысы бар екендігін 
көріп, ерекше кəсіптің толығымен құрылып жатқанын түсінді. Тек 
Америкада ғана емес. Франция, Германия, Англияда басшылар мен 
ұйымдастырушыларды дайындайтын арнайы ЖОО ұйымдастырылған. 
Сонда қай салаға дайындайды деп сұрау қажетсіз. Оларды белгілі 
салаға дайындамайды, оларды басшы болуға дайындайды. Жəне 
осы адамдар жұмыстың ... белгілі техникасына: құралдар жиынтығы 
ретінде «техникаға» ие. Біз қазіргі кезде темір-терсекті ескере отырып, 
«ұйымдастырушылық техника» деп жиі айтудамыз, ал оларда бұл, 
дұрысын айтқанда, жұмыс əдістері, тəсілдері, өзін-өзі ұйымдастыру 
ережелері болуда. Менеджерлер оларға кəсіби ұйымдастырушылар 
мен басқарушылар ретінде оқытатын күрделі білімдердің жиынтығына 
ие. Бұл қандай да болсын технологиялық саланың білімдері емес, бұл 
қалай жетекшілік ету жəне басқару керектігі жөніндегі білімдер. <...>
Біз əртүрлі басқару академиялары мен институттарын құра 
бастадық. Ұйымдастырушылар мен басқарушылардың даярлығымен 
арнайы шұғылдана бастадық. Осылайша, біз осы жұмыстың кəсіби 
болу жолында нақты қадам жасадық. Экономиканың дамуы, осындай 
кəсіби жəне қатаң мамандандырусыз өндірісті тиімді ете алмайсың де-
ген қорытындыға əкелді.
Щедровский Г.П. Организация, руководство, управление
 // http://oru2.narod.ru/book/


42
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Бала «аспанды» ішіне ерекше бір газ үрленген мес сияқты түсінеді, 
оған ат та ойластырмайды. .....Бұл газ өзінен-өзі дами алады деп 
болжамдалған, оны тек өзімен-өзін қою керек. Бұл туралы жазылған 
көптеген кітаптар да бар, бірақ соның бəрі бəз-баяғы Руссоның 
айтқандарын қайталаумен болды. Мəселен:
– «Балалық шаққа қасиеттеп бас иіңдер...»
– «Табиғатқа көлденең тұрушы болмаңдар...>
Қорытқанда, бұл дін оқуының басты догматы мынау: егер табиғатқа 
табынып, бас исең, бағанағы газдан, сөз жоқ, коммунистік жеке адам 
өсіп шығады дейді. Расында, табиғаттың таза өзіне салсаң, мұндай 
жерге арам шөптен басқа еш нəрсе өсіп шығуы мүмкін емес. Біз шы-
нында да мұндай жерге тек арам шөп қана өскенін білеміз. Бірақ оны 
елең қылған адам жоқ. Педагогиканың əулиелеріне ең қымбатты нəрсе 
принциптер мен идеялар ғана болды. 
Бұлардың тəртіп туралы да əңгімелеп қоятындары бар. Бұл жөнінде 
теорияға негіз қылып ұстайтындары Лениннің «саналы тəртіп» де-
ген сөздері. Түсінген кісіге бұл сөздер де оп-оңай, түсінікті, іске асса 
пайдалы мағына бар екені анық; ал мағынасы сол тəртіпті сақтағанда 
оның қажеттігі, пайдалылығы, міндеттілігі, таптық маңызы ұғылатын 
болсын. Бірақ педагогика теориясында бұл мағынасы бұрмаланып 
кетіп жүр; тəртіп əлеуметтік тəжірибеден, ұжымның тіршілік үшін 
күш қосқан қимылынан тумайды, таза ғана санадан, жалаң ақылмен 
түсінуден, жанның əсерінен, идеядан туады деп түсініліп жүр, теория-
шылар тіпті мүлде əрі де кетіп жүр: егер «саналы тəртіп» үлкендердің 
əсерімен туатын болса, ол түкке тұрмайды деген пікір шыққан. Себебі, 
ол нағыз санадан туған нəрсе емес, тек үлкендердің баспа төресінен 
болған, оның аты баланың ықтиярына зорлық ету болады; сондықтан 
саналы тəртіп емес, «өзінен-өзі» болатын тəртіп əлдеқайда артық 
дейтін ұғым бар. Тап сол сияқты балаларды ұйымдастырудың да керегі 
жоқ, ол тіпті қауіпті нəрсе, бізге қажеті – «өзінен-өзі құралатын» ұйым 
дегенді айтатындар бар.
Мен аспаннан жерге түсіп өз лашығыма қайтқан сайын, ойға қалам: 
қандай адам тəрбиелеп шығару керек екенін біз жақсы білеміз, əрбір 
сауаты бар саналы жұмысшы да, əрбір партия мүшесі де оны жақсы 
біледі. Олай болса, бар қиындық не істеу керек деген мəселеде ғана бо-
лып шығады. Ал бұл - педагогикалық техниканың шешетін мəселесі.
Техника тəжірибеден ғана туады. Егер адам баласының 
тəжірибесінде өмірі ешкім металл кесіп көрмеген болса, металл кесудің 
заңдары да табылмаған болар еді. Техникалық тəжірибе болған жерде 


43
ғана жаңалық табу, өнер асыру, жақсыны таңдап алу, жаманды ысырып 
тастау мүмкін болады.
Біздің педагогикалық өндірісіміз өмірі технологиялық логика бо-
йынша құрылып көрген емес, ол ылғи мораль үйретудің логикасымен 
жүріп келеді. Бұл, əсіресе, жеке тəрбие саласында күшті байқалады, ал 
мектеп жұмысында оңай болып келеді.
Бізде өндірістің барлық маңызды бөлімдерінің жоқ болаты-
ны да міне дəл содан. Мысалы: технология процесі, еңбек санағы, 
конструкторлық жұмыс, кондукторларды, түрлі түсініктерді қолдану, 
нормалау, бақылау, рұқсат қағаз, жарамсыздыққа шығару дегендерді 
біз таза білмейміз.
Бірақ мен өзім ойлаған сайын тəрбие жұмысы мен кəдімгі 
материалдық өндірістің арасында көп ұқсастық бар екенін ұға түстім, 
бұл ұқсастықта ешқандай кісі шошырлық механистілік те жоқ екені 
белгілі болды. Əрбір жеке адам баласы менің ұғуымда да ешбір 
өзгермей, баяғы өзінің көп сырлы, көркем сипатында қала береді. Мен 
өзім сол үшін, адаммен істес болғанда, бет алды көк езуге сала бер-
мей, неғұрлым дəлірек өлшеу қолданып, зор жауаптылық пен терең 
ғылымға сүйене отырып іс қылу керек деп білемін. Өндіріс пен тəрбие 
арасында өте терең ұқсастық болуы менің адам туралы пікірімді ешбір 
төмендетпейді, қайта анағұрлым жоғарылата түседі, неге десеңіз, ең 
арғысы жақсы деген машина да құрмет көрсетуге тұрады ғой.
Əр кезеңде адамды, адам құлқының бірсыпыра тетіктерін прес-
ке салып шығаруға, тіпті айта берсеңіз, стандарт əдісімен штам-
пылап шығаруға да болатыны маған көптен мəлім. Бірақ бұл үшін 
штампылардың өздері де, өте шебер нақыспен істейтін болуға тиіс, 
олардың жұмысына өте тақақтық, сақтық, дəлме-дəлділік керек. Ал 
кейбір бөлшектер ондай емес, олар кəдімгі қолынан бал таматын, көзі 
өткір, жетік маманның қолын керек қылады. Көптеген бөлшектерге 
арнаулы жүйелі құралдар керек болады. Ол құралдардың өзіне де 
көп тапқырлық, адамның ақыл күшін сарп етуге тура келеді. Барлық 
осы айтылған тетіктердің, қала берді бүкіл тəрбие жұмысының дер-
бес өз ғылымы болуы керек. Маған бір ерсі көрінетін жері: біз жоғары 
техникалық оқу орындарында материалдардың қарысуын зерттейміз, 
ал педагогикалық оқу орындарында тəрбиедегі адамның қарысуын 
зерттемейтініміз неден? Тəрбие жүзінде мұндай қарысу бар екені 
жұрттың бəріне аян.
Онан соң бізде бақылау бөлімі неге жоқ? Ол болса, əртүрлі шалағай 
педагогтарға көзге түртіп тұрып айтар еді:
– Қарақтарым, жұмыстарыңның тоқсан пайызы жарамсыз. 
Сендердің бұл шығарып жатқандарың коммунист пікірлі адам емес, 


44
өңкей сілімтіктер, маскүнемдер, жатып ішерлер, арамтамақтар. Қане 
соның үшін мұның шығынын өз жалақыңыздан төлей қойыңыз, - дер 
еді. 
Бізде шикізат туралы ғылым неге жоқ? Одан не істеп шығару керек 
екенін – я шырпы немесе аэроплан шығару керек екенін білетін адам 
аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет